GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті

Мемлекеттік қызметтер
30 января 2026
Мемлекеттік қызметтер бойынша онлайн режимде семинар

2026 жылдың 30 қаңтарда Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас маманы Әсемгүл Ерғазықызы Кембаеваның қатысуымен «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-інде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау қорытындылары бойынша онлайн режимде семинар өткізілді

02 июня 2025
31.05.2025 жылы Авангард ауылдық округінде елді мекендерді абаттандыру бойынша үш айлық аясында сенбілік өтті

31.05.2025 жылы Авангард ауылдық округінде елді мекендерді абаттандыру бойынша үш айлық аясында сенбілік өтті

30 мая 2025
29.05.2025 жылы Авангард ауылдық округінде елді мекендерді абаттандыру бойынша үш айлық аясында" Таза бейсенбі", балалар алаңын сырлау және жинау өтті

29.05.2025 жылы Авангард ауылдық округінде елді мекендерді абаттандыру бойынша үш айлық аясында" Таза бейсенбі" балалар алаңын сырлау және жинау өтті

30 мая 2025
23.05.2025 жылы Авангард ауылдық округінде сенбілік өтті

23.05.2025 жылы Авангард ауылдық округінде сенбілік өтті

28 апреля 2025
26.04.2025 жылы Полтавка ауылының зиратында сенбілік өткізілді

26.04.2025 жылы Полтавка ауылының зиратында сенбілік өткізілді

15 мая 2024
11.05.2024 жылы Полтавка ауылының зиратында сенбілік өткізілді

2024 жылғы 11 мамырда Полтавка ауылының зиратында ауыл тұрғындары сенбілік өткізді

29 апреля 2024
27.04.2024 жылы Авангард ауылдық округінің елді мекендерінде сенбілік өткізілді

27.04.2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері Авангард ауылдық округінің елді мекендерінің тұрғындарымен бірлесіп көшелер мен ескерткіштерді абаттандыруға қатысты. Сенбілікке 30-дан астам адам қатысты.

19 апреля 2024
2024 жылғы 19 сәуірде Полтавка ауылының медициналық пунктінің аумағында сенбілік өткізілді

2024 жылғы 19 сәуірде Авангард ауылдық округінің Полтавка ауылының медициналық пунктінің аумағында ауылдық округ әкімі аппаратының және медициналық пунктінің қызметкерлерімен сенбілік өткізілді

17 апреля 2024
2024 жылғы 11 сәуірде Авангард ауылдық округі әкімінің аппаратымен "таза бейсенбі" ұйымдастырылды
11.04.2024 жылы Полтавка ауылында Авангард ауылдық округі әкімінің аппаратымен "таза бейсенбі" ұйымдастырылды, оның кіреберісінде көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы