GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
15 мая 2026
хабарландыру

2026 жылғы 01 маусымынан дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы өткізілетін болады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша өткізілетін болады:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне қатысы бар нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ұйымдастырушылық-басқару  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік қызметтер
20 апреля 2026
Құқық кабинеттерінің

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

         Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

                           Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

 

 

18 марта 2026
18 наурыз — Ұлттық киім күні!

Бүгінгі күннің басты мақсаты — ұлттық киімімізді дәріптеу және оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану. Ұлттық киім – бұл жай ғана киім емес, ол біздің бай тарихымыз, мәдениетіміз бен мақтанышымыз!

Халықпен кездесулер
15 января 2026
2026 жылдың 15 қаңтары Октябрьское ауылында Аққайың ауылдық округі әкімі М. К. Есжановтың тұрақты кездесуі өтті.

2026 жылдың 15 қаңтары Октябрьское ауылында Аққайың ауылдық округі әкімі М. К. Есжановтың тұрақты кездесуі өтті. Тұрақты кездесу барысында сұрақтар түскен жоқ. Кездесуге 20 адам қатысты.

 

Халықпен кездесулер
29 декабря 2025
Хабарлама

Аққайың ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыру  туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» заңының 39-3 бабының 5 тармағына сәйкес:

         Мағжан Жұмабаев ауданы  Аққайың ауылдық округінің әкімімен 2026 жылдың 08 қаңтары сағат 15.00-де Октябрьское ауылы Улица 2 көшесі, 27 ғимарат, Демалыс орталығында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі ауылдары өкілдерінің қатысуымен жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді, күн тәртібінде:

         Жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушыларының жаңа құрамын сайлау және олар өкілеттік беретін мерзім туралы.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу
08 декабря 2025
Профилактикалық рейд: әкім мен учаскелік инспектор қараусыз қалған құрылыстарды тексерді

2025 жылдың 08 желтоқсаны, есірткіні таратуға қарсы іс-әрекет бойынша айлық аясында, ауылдық округ әкімі М.К.Есжанов учаскелік инспектор Т.Т.Жумановпен қараусыз қалған және пайдаланылмаған ғимараттары бар аумақтарды аралауды ұйымдастырып өткізді.

Рейдтің мақсаты: есірткелік заттарды дайындау мен сату, қолдану үшін мүмкін болатын орындарды анықтау және жою. Бұндай орындар тек қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, біздің балаларымызға да қауіпті.

Бұл неге маңызды ? қараусыз қалған үйлер мен құрылыстар антиәлеуметтік элементтерді жиі тартады. Жүйелі тексерістер бұл қызметті түбімен жойып, жамандықтың алдын алады.

Ескертеміз: Округтің қауіпсіздігі әр қайсымызға байланысты! Егер сіз бір нәрсеге күдіктенсеңіз (қараусыз қалған ғимараттарда түсініксіз қозғалыс, түсініксіз иістері, лақтырып тасталған шприцтер және т.б) оперативті хабарласыңыз:
➡️ Участкелік инспектор Т.Т. Жумановқа
➡️ полицияның сенім телефоны бойынша.

Бірге біз біздің округті қауіпсіз және кез келген есірткілік қауіптен таза ұстаймын!

28 октября 2025
Октябрьское ауылында үйлерге су жеткізу жұмыстары жүргізілуде

Октябрьское ауылында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде үйлерді орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін заманауи және тиімді технология қолданылады – құбырларды көше бетіне және ландшафтқа минималды араласумен жүргізуге мүмкіндік беретін тесу әдісі (GNB).

Ағымдағы күні таза ауыз су 53 үйге жеткізілді. Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде және қосылуға жоспарланған барлық үйлерді сумен қамтамасыз ету үшін жалғастырылатын болады.

Аталған іс-шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
23 октября 2025
Хабарландыру

2025 жылғы 03 қарашасынан дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы өткізілетін болады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша өткізілетін болады:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне қатысы бар нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ұйымдастырушылық-басқару  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

03 апреля 2025
«Таза Қазақстан»

2025 жылдың 03.04. Аққайың ауылдық округінде «Таза Қазақстан» атты республикалық концепцияға теңестірілген «Таза бейсенбі» өтті.

 

20 марта 2025
Су тасқынына қарсы іс-шаралар

2025 ж.20.03."Д.Д.НЕЙМИНГ" ЖШС Октябрьское а. қарды тазарту мен шығару бойынша жұмысты жалғастырды. мотопомпалардың көмегімен бөлек жеке үй аулаларының учаскелерінде суды сору жүргізіліп жатыр.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы