«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша

 ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Октябрьское а.                                                     2024 жылғы 30 қыркүйек

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 24-ө өкімі негізінде ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы 2024 жылдың  02 қыркүйегінен 30 қыркүйегі бойынша өткізілді.

Ішкі талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Алтын дән ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 1 тамызынан 2024 жылдың  31 тамызы аралығындағы жұмыс кезеңі алынды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанда № 12 бұйрығымен бекіткен үлгілік қағидаларға сәйкес өткізілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы мына құрамдағы жұмыс тобымен өткізілді:

  1. Кулешова Светлана Алексеевна – Аққайың ауылдық округі әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі бас маманы;
  2. Лесных Наталья Александровна- ауылдық округ әкімі аппаратының статистигі;
  3. Ольга Михайловна Ганина – Октябрь орта мектебінің мұғалімі (келісім бойынша)

Сараптама келесі бағыттар бойынша өткізілді:

  1. Аппарат қызметін қамтитын нормативті құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;

 

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ АҚҚАЙЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ.   

Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 24 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау қағидалары), өзге де құқықтық актілер.

 

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ АҚҚАЙЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

Персонамен басқаруға байланысты анықталған тәуекелдер саны __0_ (бірлік)

Талдау барысында әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 4 бірлікті құрайтыны анықталды.

Талданып отырған кезеңде әкім аппараты кадрларының ауысымы қабылданғандар саны – 0 адам;

Босатылғандар саны – 1 адам

Лауазымын төмендету болған жоқ.

Персоналды басқару бойынша қызметіне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызметшілердің жеке істері зерделенді:

2023 жылдың 01 тамызынан 2024 жылдың 31 тамызы кезеңіне Әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасау үшін жағдай жасайтын фактілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ;

Лауазымға кірген кезде шектеу қабылдау туралы міндеттемелер уақытылы рәсімделді;

Декларация электронды түрде уақытылы тапсырылды,

Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған қызметкерлер жоқ.

Әкім аппаратының барлық қызметкерлері өз лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оқуды өту мерзімі мен тәртібі сақталады.

Тексерілетін кезең ішінде командалық орын ауыстырулар анықталған жоқ.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 29 – ө өкімі негізінде ауылдық округі әкімі аппаратының 3 әкімшілік мемлекеттік қызметкеріне сыйлық ақы берілді.

2023 жылға қызметті бағалау көрсеткіштері бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 01-ө ж/қ өкімі негізінде ауылдық округі әкімі аппаратының 4 әкімшілік мемлекеттік қызметкеріне сыйлық ақы берілді.

Әкім аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты теріс материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі, өткен кезеңге әкім аппаратына қатысты теріс материалдар болған жоқ.

Талдау кезеңіне ауылдық округ әкімі М.К.Есжановқа бюджетті және өзге заңнаманы бұзуда, функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза салынды.

Ұсыныс:

Ауылдық округ әкіміне оған жүктелген функциялар мен қойылған міндеттерді орныдау үшін алынған бюджеттік қаражатты тиімді қолдануға тұрақты бақылау жүргізсін.

Мүдде қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік)

Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  • Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп сату;
  • Сауда -саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін алу құқығы;
  • Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  • Жер учаскесінің нысаналы пайдалануын өзгертуге шешім беру;
  • Елді мекен шегінде нысана құрылыс үшін жер учаскесін беру;

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндеқызмет алушы мен қызмет

берушінің байланысына жол бермеу үшін ауылдық округ әкімінің аппаратында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

2023 жылдың 1 тамызынан 2024 жылдың 31 тамызы аралығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 9 қызметті құрайды,  барлық  8 қызмет «E- E-licens» жүйесі арқылы, 1 қызмет – «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы арқылы көрсетілді.

Талдау кезеңіне екі дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.

Әкім аппаратында өзіне өзі қызмет көрсету секторы бар, онда Электронды үкімет порталына қол жетімділік мүмкіндіг бар. Өзіне өзі қызмет көрсету секторы компьютермен, принтермен жабдықталған. Электронды-сандық қолтаңба болған жағдайда қолданушылар өз кезектерін күтпей электронды үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алуларына болады. Егер азамат порталда жұмыс кезінде қиыншылықтар болса, оған өзіне өзі қызмет көрсету секторына бекітілген маман көмектеседі.

Аққайың ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі,мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері, жауапты маманның ТАӘ және байланыстары бар ақпараттық стенд бар.

Мемлекеттік ұйымның ресми  Интернет-ресурсында «Мемлекеттік

қызметтер» бөлігі бар, онда мемлекеттік қызметтерді көрсету тізімі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері орналастырылады және жаңартылып отырады, 2023 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі туралы есеп орналастырылған, 2023 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметті талқылау туралы хаттама.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысы бар екенін көрсетті, осылайша 5 бекітілген мемлекеттік қызметтен 3 қызмет электронды түрде көрсетіледі (толық автоматтандырылған) – атап айтқанда:

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін алу құқығын беру;

         Жер учаскесінің нысаналы пайдалануын өзгертуге шешім беру;

         Елді мекен шегінде нысана құрылыс үшін жер учаскесін беру;

2 қызмет , атап айтқанда:

          Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп сату;

Жер учаскесін алуға кезекке қою, бөлшек автоматтандырылған және қағазды түрде көрсетіле алады.

Ұсыныс:

1.Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жалпы мәселелер жөніндегі бас маманға «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы мемлекеттік қызметтерді алушылар арасында түсіндірме жұмыстары мен шараларды өткізу.

Рұқсат функцияларын іске  асырумен байланысты анықталған тәуелкелдердің саны 0 (бірлік).

Өткен кезеңге ауылдық округ әкімімен 6 шешім шығарылды, тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы, жеке меншік құқығы туралы, уақытша өтеулі жер пайдалану туралы, жер пайдалану құықығын ұзарту туралы.

Қоса берілген құжаттар пакетімен азаматтардың өтініштерін талдау кезінде:

- бас тарту негізі, қабылданған шешімдерге шағым жасау процедуралары анықталған жоқ;

- нормативті құқықтық базада заңды коллизиялар анықталған жоқ;

- рұқсат құжаттарын беру кезінде дискрециялық өкілеттіктер мен әкімшілік кедергілер (жер пайдалану құқығын беру туралы шешімдер) – анықталған жоқ.

Ұсыныс:

Ауылдық округ әкімінің аппараты тұрақты негізде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын оқу бойынша іс-шаралар өткізу.

Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне бақылау функцияларын іске асыру жатпайды.

Бюджеттік және қаржылай қаражатты игеру мен бөлуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізу барысында ауылдық округ әкімінің аппаратымен бюджеттік қаражатты шығындау бойынша шешімдердің ақпараттық айқындығы мен іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетіні анықталды.

Ауылдық округ үшін мемлекеттік сатып алулар жұмыстар мен қызметтер процедураларын өткізу бойынша бөлінген, бюджеттік қаражатты шығындаудың айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, электронды веб-порталда жарияланатын, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары бекітілді.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен келісімшарт уақытылы жасалады. Мемлекеттік сатып алулардың бектілген жылдық жоспарымен қарастырылмаған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді алуға жол берілмейді.

2023 жылдың 1 тамызынан 2024 жылдың 31 шілдесі аралығындағы кезеңде 7931478 теңге сомасына 23 келісімшарт жасалды, оның ішінде:

- құндық ұсыныс сұранысы тәсілімен –  2 611 966  тенге сомасына 9 келісімшарт;

- бір көзден өтпеген сатып алулар бойынша 1 779 964 тенге сомасына 6 келісімшарт;

- тікелей келісімшарт жасау арқылы бір көзден – 3 076 548 тенге сомасына 7 келісімшарт;

- ашық конкурс тәсілімен – жоқ

- алдын ала біліктілік бойынша конкурс - жоқ

- негіздемелік келісімді қолдану арқылы конкурстың екінші кезеңі– 463 000 тенге сомасына 1 келісімшарт.

Жеке және заңды тұлғалардың шарттарын жасауды іске асыруға байланысты, анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізу барысында ауылдық округ әкімінің аппаратымен бюджеттік қаражатты шығындау бойынша шешімдердің ақпараттық ашықтығы мен іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетіні анықталды.Ауылдық округ үшін мемлекеттік сатып алулар жұмыстар мен қызметтер процедураларын өткізу бойынша бөлінген, бюджеттік қаражатты шығындаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электронды веб-порталда жарияланатын, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары бекітілді.

Келісімшарттар тауарларды,жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен уақытында жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабының 7 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына екі реттен кем емес жүргізіледі. Барлық шарттар қол қойылды, орындалды. Мемлекеттік сатып алулар кезінде лауазымды тұлғалардың қатыстылығы анықталған жоқ. Актілерде жабдықтаушылардың мемлекеттік сатып алуларды өткізуіне мемлекеттік ұйымның басшысының жақын туыстары, жұбайы немесе әлеуетті өнім берушілерінің қатысы анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Өткен кезеңге сот үдерістері болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуде анықталған тәуекелдер 0.

Ұсыныстар:

Бас маман есепші-салықшы мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды ҚР заңныа сәйкес жасасын, мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ашықтығына тұрақты бақылау жүргізілсін.

Тікелей жасау жолымен бір көзден шарт жасау саны азайтылсын (ұсынысты іске асыру мерзімі - тұрақты).

Ашық бюджеттердің интерактивті картасының сайтында ақпаратты енгізу бойынша жұмыс жалғастырылсын (ұсынысты іске асыру мерзімі - тұрақты).

Ақапараттық жүйелерді өңдеу мен пайдалануды іске асыруға байлаысты, анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне ақпараттық жүйелерді өңдеуді іске асыру жатпайды.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын, өзге сұрақтарды іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жатқызуға болады:

1)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

3)бюджеттік қаражатты игеру;

          Әкім аппаратына 2023 жылдың 1 тамызынан 2024 жылдың 31 тамызына дейін 12 өтініш келіп түсті. Талдау барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын бұзу болған жоқ.

         Ауылдық округ әкімімен қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдау әрдайым өткізіледі. Тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы өкім шығарылады, ол аудандық газеттерде және ауылдық округ әкімінің сайтында жарияланады.

         Әкім аппаратының қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

         Аудан әкімінің ресми сайтында - әкім аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және халықты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған, қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету жөніндегі жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі әзірленді және жұмыс істейді.

         Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізілді, зерттелген кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

         Жасырын мемлекеттік қызметтерді іске асыруға байланысты тәуекелдер.

         Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны 0 (бірлік).

Аққайың ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 25-ө өкімі негізінде 2021 жылдың 2 наурызынан 2022 жылдың 31 тамызы кезеңі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы өткізілді, барысында 5 ұсыныс берілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы қорытындысы бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға әрекет етуші себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары уақытында құрылды. Мониторинг қорытындысы бойынша, барлық ұсыныстар толық көлемде орындалды.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

         Ұсыныстардың жалпы тізбесі.

  1. Ауылдық округ әкіміне оған жүктелген функциялар мен қойылған міндеттерді орныдау үшін алынған бюджеттік қаражатты тиімді қолдануға тұрақты бақылау жүргізсін.
  2. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жалпы мәселелер жөніндегі бас маманға «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы мемлекеттік қызметтерді алушылар арасында түсіндірме жұмыстары мен шараларды өткізсін.

3.Ауылдық округ әкімінің аппараты тұрақты негізде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын оқу бойынша іс-шаралар өткізсін

4.Бас маман есепші-салықшы мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды ҚР заңныа сәйкес жасасын, мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ашықтығына тұрақты бақылау жүргізілсін.

5.Тікелей жасау жолымен бір көзден шарт жасау саны азайтылсын (ұсынысты іске асыру мерзімі - тұрақты).

6.Ашық бюджеттердің интерактивті картасының сайтында

ақпаратты енгізу бойынша жұмыс жалғастырылсын (ұсынысты іске асыру мерзімі - тұрақты).

7.Аққайың ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының қорытындысы орналастырылсын.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы қорытындысы бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға әрекет етуші себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары құрылсын.

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

Аққайың ауылдық округі әкімі аппаратының

жалпы мәселелер жөніндегі бас маманы  _______________С.А.Кулешова

 

Аққайың ауылдық округі

әкімі аппаратының статистигі                 _______________ Н.А.Лесных

 

Октябрь орта мектебінің мұғалімі

(келісім бойынша)                                              ___________ О.М. Ганина

 

Таныстырылды:

Аққайың ауылдық округінің әкімі           _____________ М.К.Есжанов

 

«___»___________2024 ж  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 октября 2024