1. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 150912, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Покровка ауылы, Мира көшесі, 12.
10. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілде толық атауы - «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Пригородного сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области».
11. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
ауылдық округ әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) ауылдық округ әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының және өзге де нормативті құқықтық актілердің талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстар жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 5)тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Үкіметінің қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің қаулыларын, шешімдерін және өкімдерін орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
6) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әкімгері «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болатын бюджеттік бағдарламалар жобасын әзірлеу;
7) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы «Мобилизациялық дайындық және мобилизация туралы» Заңының 9- бабы 3- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобилді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедігі «Нотариат туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес нотариалды қызметтер жасау;
9) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз ілікті және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасау, жұмыстарды ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес шаруашылық есепті жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету.
12) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринарлық заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімі құзіреті шегінде ветеринарлық алдын-алу шараларын өткізу;
13) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
14) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» заңын орындау бойынша жұмыстарды және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес кәсіпқой емес медиаторлардың реестірін ұйымдастырып жүргізу;
Ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиналысын өткізеді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде жиналыстарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді.
16. Функциялары:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық функцияларды атқару үшін құрылды сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативті-құқықтық актілерге, және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен ауылдық округ әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтік жазба жүргізу;
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан ауылдық округ әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттар сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі және әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан мәслихатының, кеңестік органдардың отырыстарына қатысу.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру
18. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
19. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасы Президентімен анықталған тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімінің орынбасарлары болмайды.
21. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынастарда сенімхатсыз әрекет етеді;
2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады;
3) салықты және өзге де бюджетке міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді;
4) жоғары тұрған әкімдікке сәйкес мәслихаттың бекітуі үшін әкім аппараты әкімгер ретінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерінің нормаларын орындауына көмек етеді;
6) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
7) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын-үй қорының сақталуын және ауылдық округтегі автомобиль жолдарының құрылысын, қайта құрылуын, жөнделуін және күтілуін қамтамасыз етеді;
8) шаруа (фермерлік) қожалықтарының құрылуына, кәсіпкерлік қызметтің дамуына көмек көрсетеді;
9) өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобилді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте нотариалды әрекеттерді жасауды ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраның сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
12) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасайды, жалғыз ілікті және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
14) қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
15) жедел медициналық көмек қажет болған жағдайда науқастарды ең жақын дәрігерлік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
16) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекет жасайды;
17) шаруашылық есепке алуды жүзеге асырады;
18) жергілікті бюджетті бекіткенде (нақтылағанда) аудан мәслихатының сессиясына қатысады;
19) ауылдық округ аумағында орналасқан оқыту және мектепке дейінгі тәрбие беру, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
20) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен қамтуды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;
21) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
22) туыстары жоқ қайтыс болғандарды жерлеуді және зираттар мен жерлеу орындарын күту бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
23) аудан әкімдігіне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасайды және оқушыларды ақысыз оқу мекемесіне дейін және кері жеткізуді ұйымдастырады;
24) елді мекен жерлерінде мал бағу орындарын анықтайды;
25) аудан әкімдігіне бюджеттік қаржы есебінен алдын-алуға және диагностикалауға болатын, энзоотикалық мал ауруларының тізімі бойынша ұсыныстар жасайды;
26) ауылдық округ аумағында иесіз жылжымайтын дүние-мүліктерді (нысандарды) анықтауды ұйымдастырады.
27) округ аумағында малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантиндік режимнің және шектеу шараларының енгізілуі мен карантиндік аумақтың ветеринарлық режимін енгізу, алып тастау туралы шешім қабылдайды;
28) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік беру туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
29) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін жеке жауап береді, сыбайластық жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады;
30) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
31) Қазақстан Республикасы аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлар реестрін жүргізеді;
32) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде, жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
33) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
34) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
35) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
36) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
37) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
38) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
39) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
40) кіріс көздерін қалыптастырады;
41) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
42) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
43) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
44) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
45) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
46) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
47) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мұгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
48) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
49) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
50) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
51) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
52) ауыл, елді мекендердің аумағында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырады және бұзушылыққа әкімшілік жаза колданады;
53) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
54) заңнамамен бекітілген тәртіпте өз құзыреті мәселелері бойынша шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған өзге де актілер қабылдайды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ауылдық округ әкімінің қызмет аясына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
Әкім Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және оны орындау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативті құқықтық актілерді орындау үшін нормативті құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер қабылдайды.
Әкімнің өз құзыреті шегінде қабылданған актілері ауылдық округтің барлық аумағында міндетті күшке ие болады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімі заңнамамен бекітілген тәртіпте қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штаттық санын және штаттық кестесін құрылтайшы – «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде бекітеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі бекітеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің зейнетақылық қамсыздандырылуы, зейнеткерлік жасқа жеткендерге, зейнетақылық қамсыздандыру және мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
22. Әкім өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
28. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Таратылған «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
30. Таратылған «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
31. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме
жұмысының тәртібі мен қарым-қатынасы
32. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органның арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.
33. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
34. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға, аптасына бес күн, демалыс күндері кесте бойынша, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
7. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылары және уәкілетті органдары туралы мәліметтер
35. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігі болып табылады (әрі қарай – Құрылтайшы), мына мекен-жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, индексі 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12.