Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2021 жылғы 05 қантардағы № 82/9 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексiнің 106 және 109-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 05 қантардағы № 82/9 шешіміне (2021 жылғы  11 қаңтарда  Қазақстан  Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6894 болып тіркелді) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

        1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

         1. Солтүстік  Қазақстан  облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1,   2 және  3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде  2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

        1) кірістер – 19747,1 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 935 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        трансферттер түсімі – 18812,1 мың теңге;

        2) шығындар –20084,2 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

        бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

        қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

        мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) – -337,1 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 337,1 мың теңге;

        қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

        қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 337,1 мың теңге.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2-тармақтармен толықтырылсын:: «5-1. 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 2021 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан 337,1 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары жіберілсін»

124001015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 87 мың сомасында.

124022015 «Мемлекеттік мекеменің капиталды шығындары» 250 мың теңге сомасында (ноутбук сатып алу, веб-камера)

124048015" пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған ) нысаналы трансферттерді қайтару " сомасы-0,1 мың теңге

«5-2. 2021 жылға ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін мақсатты ағымдағы трансферттерді 171,1 мың теңге сомасында ұлғайту.»

124008029" Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру " СҚО, Мамлют ауданы, Леденевка а/о, Новоандреевка а.қосымша жарық шамдарын орнатуға-171,1 мың теңге сомасында

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

        2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

Дата публикации
27 апреля 2021