1.Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі − коммуналдық мемлекеттік мекемесі) Мамлют ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволар бар:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының балалар-жасөспірімдер спорт бөлімі».
3. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімдікпен бекітіледі.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы Мамлютка қаласы, Коммунальная көшесі, 27 үй.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы − «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттiк органның орыс тiлiндегi толық атауы – Коммунальное государственное учреждение «Отдел физической культуры и спорта акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области».
11. Осы Ереже - коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар мен өзгертулер қолданыстағы заңнамаға сәйкес енгізіледі.
12. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
13. Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқытары мен міндеттері
14. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұлғалардың, сонымен дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету және спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру және спортты қолдау, ынталандыру.
16. Функциялары:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1.1. аудан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
1.2. ауданның спорт нысандарының қызметін үйлестіру;
1.3. аудандық құрамалардың әр түрлі спорт түрлерінен дайындауды және
облыстық спорттық іс-шараларға қатысуды қамтамасыз етеді;
1.4. аудан аумағында көпшілік спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдайды;
1.5. мүгедектердің дене шынықтыру-спорт бірлестіктерімен бірге аудан деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізуді, сонымен қатар мүгедектер арасындағы облыстық жарыстарға дайындауды және қатысуды қамтамасыз етеді;
1.6. ауылдық округтердің әкімдеріне, оқытушы-бапкерлерге және дене шынықтыру мұғалімдеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
1.7. өз құзыры шегінде спорттық санатты, біліктілікті тағайындайды;
1.8. спорттық-көпшілік іс-шаралар жоспарын әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады;
1.9. дене шынықтыру және спорттың дамыту туралы мәліметтерді, аудандағы статистикалық мәліметтерді талдайды және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
1.10. дене шынықтыру және спорт жұмысшыларының жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
1.11. жоғары санатты спортшыларды сапалы дайындауға көмек көрсетеді және бақылауды жүзеге асырады;
1.12. ауданда жетістіктерді және салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүргізеді;
1.13. ведомстволық бағынышты мекеменің қызметін қамтамасыз етеді және бақылау жүргізеді;
1.14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге функцияларды жүзеге асырады.
2) Ведомствоның функцияралы:
2.1. балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене дамуына бағытталған дене шынықтыру-сайықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады;
2.2. оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту жұмысын атқарады, спорт бойынша әдістемелік және бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептерге жан-жақты көмек көрсетеді;
2.3. оқушылардың гигиена жәтөңірегінде қарапайым білім алуын, сондай-ақ өзінің хал-жағдайының қарапайм тәсілдері мен теориялық негіздерін игеруін қамтамасыз етеді;
2.4. жоғары білікті спортшыларды, облыстың құрама командасының мүшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер мен мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Оқу жылының соңында көшіру емтихандары түрінде оқушылардың дағдыларна және оқу жылы бойындағы мектепаралық жарыстарға ағамдық бақылау жүргізеді. Оқушыларды келесі жылдың оқу тобына ауыстыру оқу өтілі, жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындағы бойынша көшіру емтихандарын орындау және бірыңғай спорттық біліктілік нормаларын орында негізінде жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен жүргізіледі;
2.5. Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жаттықтырушы-оқытушылық құрам мен басқа да мамандардың кәсіби біліктілігі мен тағылымдамасын көтеру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
2.6. қаланың, облыстың және одан тыс жерлердегі спорттық ғимараттарда спортшылар үшін оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырады;
2.7. жеке дайындалу жоспары мен бұқаралық спорт жарыстары күнтізбесіне сәйкес оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
2.8. жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылым қызметкерлерін, медицина қызметкерлерін шақыра отыра, семнарлар, курстар өткізуді қамтамасыз етеді;
2.9. спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды спорттық формалармен, керек-жарақтармен және жабдықпен қамтамасыз етеді;
2.10. оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады.
17. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) ауданда спорттық қызметке бақылауды жүзеге асырады;
2) өз құзыры шегінде ведомстволық бағынышты мекеменің қызметіне және бақылау жүргізеді;
3) дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
4) аудан әкімі мен әкімдігінің шешімдері жобаларын, аудан аумақтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
5) ауданаралық, аудандық, ашық спорт жарыстарын және жиындарын өткізкеді;
6) оның құзырына кіретін мәселелер жөнінде мемлекеттік органдардын, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ақпаратты сұратады және алады;
7) өз құзыры шегінде аудандық спорттық және басқа іс-шаралардың жеңімпаздарына, спорт ұйымдарының жұмысшыларына атақтарды беру, дипломдармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен, грамоталармен марапаттау туралы мәселелерді белгіленген тәртіпте шешу, жаттықтырушы-оқытушы құрамға санатты беру қолдаухат жазу;
8) Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және функцияларды орындайды;
9) өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында өзге құқықтарды және міндеттерді іске асырады.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасалар жоқ.
21. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді, дербес жауапкершілік тартады:
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін;
өз функциясын жүзеге асыру үшін;
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау үшін.
Осы мақсатта коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамаға сәйкес:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысшыларының міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын, ведомстволық мекеменің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысшыларын, ведомстволық мекеменің директорын мадақтау және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды, сонымен қатар коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысшыларымен орындауға міндетті нұсқаулар береді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда ұсынады;
6) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын аудан әкімімен бекітілген штат санының лимиті бөлігінде белгілейді;
7) заңнамаға сәйкес өзге өкілеттікті жүзеге асырады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған уақытта өкілеттігін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің бір маманымен жүзеге асырылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдері және нұсқаулары ведомстволық бағынышты мекеме және коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары үшін орындауға міндетті болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесімен қабылданатын шешімдер басшының бұйрықтарымен ресімделеді.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысымен басқарады.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық мемлекеттік меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамамен белгіленген жағдайда және шекте мүлікті иеленуге құқық беріледі.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру
және тарату
27. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
28. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда, мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен өзара
қарым-қатынасы
29. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс режимі аптасына 5 күн сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа. Күнделікті жұмыс барысында жұмысшыларға демалу және тамақтану үшін үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін беріледі. Өндірістік қажеттік жағдайында жұмыс режимі коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен өзгертілуі мүмкін.
30. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мемлекеттік мекемесі және сәйкес саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді және реттеледі.
31. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Құрылтайшы, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен олардың еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар заңнамаға сәйкес анықталады.
7. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы туралы мәліметтер
32. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік бойынша құрылтайшысы және уәкілетті органы болып Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы), заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Құрылтайшысы заң актілеріне сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру, қызмет затын және мақсатын белгілеу, оны қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерін шешеді, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекітеді, коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті мүліктің сақтауға және тағайындау бойынша пайдалануға бақылауды жүзеге асырады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының балалар-жасөспірімдер спорт бөлімі».