1.«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай — бөлімі) заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес іске асырады. мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі, мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері болады.
2.Бөлімі туралы ереже, оның құрылымы сәйкес бөліммен бекітіледі.
3.Бөлімінің құрылтайшысы болып — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі табылады.
4.Заңды тұлғаның атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
5.Заңды мекенжайы: 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлютка қаласы, ¬¬Абай Кұнанбаев көшесі, 5.
6.Бөлімінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
7.Бөлім әкімдік қызметін қамтамасыз етеді.
8.Бөлім қызметінің заты:
жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік саясаттың қызметін іске асыру;
жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасау;
аудан әкімдігінің алдында аудандапғы кәсіпкершілік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындау және іске асыру үшін жауап бермейді және қамтиды;
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аудандық бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
инновациялық қызметтер және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аудандағы инфрақұрылым обьектілерін дамытуды қамтамасыз ету;
нарық инфрақұрылым обьектілерін және шағын субьектілер бірлестіктерімен қарым-қатынас жасау;
сараптау кеңестің жұмыс органы болып табылады.
9.Бөлім қызметінің мақсаты: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қалайлы жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік саясатты жузеге асыру.
10.Бөлімнің мүлкі жедел басқару құқығында тіркеледі.
11.Бөлімнің жауапкершілігі өз міндеттері бойынша азаматтық заңнамасымен ретеледі.
12.Мемлекеттік меншікте иелену, пайдалану құқығы белгіленген тәртіпте тапсырылған мекемелерден басқа, өзге заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) бала, құра алмайды.
13.Бөліммен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тіркелуі тиіс.
14.Бөлімнің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар қолданыстағы заңға сәйкес енгізіледі.
15.Заң актілеріне сәйкес бөлімнің мүлкін, ақшалай және өзге нысандарда құру көздері:
мекемелерден, ақшалай және өзге қаражаттың түсуі заң актілерімен белгіленеді;
заңмен тыйым салынбаған түсімдер.
Бөлімнің кіріс көздеріне заң актілермен шектеулер қойылуы мүмкін.
16.Бөлімді басқару органдарының құрылымы, құзыры, құру тәртібі мен өкілеттігінің мерзімі, олармен шешімдер мен баяндамаларды қабылдау тәртібі заңмен белгіленеді.
17.Бөлімді жалпы басқаруды — бастық жүзеге асырады.
Бөлім бастығының құзыреті:
мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынаста сәйкес бөлімнің мүдделерін ұсынады;
аудандағы жеке кәсіпкершілікті дамытуға бағытталған іс шараларды ұйымдастыру.
төмендегі лауазымды тұлғаларды лауазымға тағайындайды және босатады:
бөлімнің мамандарын
техникалық жұмысшыларды
бөлімың ұстауға сметаны бекітеді;
қала әкімінің аппаратына мүлікті бекітеді;
бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және мадақтау шараларын қабылдайды;
өлімнің аппаратына тапсырылған мүліктің сақталуына және тиімділігіне бақылауды іске асырады;
сенімхаттар береді;
Қазақстан Республикасының заңымен бөлім бастығының құзырына өзге мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіпте бөлім бастығы лауазымға тағайындалады;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бөлім бастығы өз лауазымынан босатылады немесе өкілеттігін тоқтатады.
18.Қызметшілер құқықты:
қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға;
еңбекті қорғау және еңбек шарттарының жағдайы туралы толық және дәл, ақпаратты алуға;
еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес жалақыны толық көлемде және өз уақытында төлеуге;
демалысқа, соның ішінде, ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына;
кәсіптік дайындыққы, қайта даярлауға қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіпте өз біліктілігін жоғарылатуға;
еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеп алуға;
кепілдіктер мен өтемақылық төлемдерге.
Қызметшілер міндетті:
еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
еңбек тәртібін сақтауға;
жұмыс орнында өрт қауіпсіздігін және өндірістік санитарияны, қауіпсіздікті және еңбек талаптарын сақтауға.
Қызметші өзге құқықтарға ие және қолданыстағы заңға сәйкес өзге міндеттерді орындайды.
19.Бөлім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, басқа да актілермен қарастырылған тәртіпте қайта ұйымдастырылуы мүмкін.
20.Бөлімді қайта ұйымдастыру біріктіру, қосу, бөлу, ажырату, қайта құру және заңмен қарастырылған басқа нысандарда жүргізілуі мүмкін.
21.Қосу түріндегі қайта ұйымдастыру жағдайларынан басқа, жаңа пайда болған ұйымның, (ұйымдардың) мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап аудан әкімінің аппараты қайта ұйымдастырылған болып есептеледі.
Бөлім басқа ұйымды қосу жолымен қайта ұйымдастырылғанда, қосылған ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды тұлғалар тіркеліміне жазылған сәтінен бастап біріншісі қайта ұйымдастырылған болып есептеледі.
22.Бөлім таратылған жағдайда мүлкі Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңға сәйкес пайдаланылады.
23.Бөлімнің мүлкі мемлекет тарапынан жергілікті орган есебінде берілген негізгі қордан және айналмалы қаражаттан тұратын, бөлімнің балансында тұратын мүліктен құралады.
24.Бөлімнің мүлкі оған жедел басқаруда жатады және мемлекеттік меншік болып саналады.
25.Бөлімнің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылады егер басқа да заңдық актілерде белгіленбеген болса.
26.Бөлімнің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизиялау қолданыстағы заңға сәйкес жүргізіледі.