«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің ережесі

Солтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің

2020 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 341 қаулысымен бекітілді

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

Мамлютка қаласы

1. Жалпы ережелер

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі (ілгеріде – Бөлім) Мамлют ауданының аумағында білім саласына басшылық ететін және жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         Бөлім өзінің иелігіндегі білім беру ұйымдарына басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.

  1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік- қүқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің құрылтайшысы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекетік мекемесі (ілгеріде – құрылтайшы) болып табылады, БСН 950540000460.

         Құрылтайшының мекенжайы: 150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Перопавл қаласы, Қазақстан Консиуциясы көшесі, 58.

  1. Бөлімді басқаруды жүзеге асыратын сәйкес саладағы уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ілгеріде – Басқарма) болып табылады, БСН 920540000287.

Бөлім Басқармаға есеп береді және оның бақылауында болады.

  1. Бөлім коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қазынашылық органдарында шоттары бар.
  2. Бөлім азаматтық-құқықтық   қатынастарға өз атынан түседі.
  3. Бөлім, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен  Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  5. Бөлімнің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  6. Бөлімнің орналасқан жері:

индексі 150900, Қазақстан Республикасы,

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы,

Абай Құнанбаев көшесі, 5.

  1.  Мемлекеттік органның толық атауы - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі;

         орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение  «Отдел образования Мамлютского района» коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области». 

  1.  Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Бөлімнің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  3. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  4. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  5. Бөлім, Басқарма және Құрылтайшы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2. Мемлекеттік органның

 миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

         17. Бөлімнің миссиясы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту болып табылады.

         Бөлім қызметінің мәні Мамлют ауданының аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейін және де қосымша (мектептен тыс) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

         18. Бөлімнің міндеттері:

  1) ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамыту мен кәсіби құрылуына бағытталған сапалы білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау;

         2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің мықты негіздері мен саламатты өмір салтын қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау жолымен зияткерлігін байыту;

         3) азаматтылық пен патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге сыйластықты тәрбиелеу, халық дәстүрін құрметтеуге,  конституцияға қарсы және әртүрлі қоғамға қарсы құбылыстарға төзімсіздікке тәрбиелеу;

         4) белсенді азаматтық көзқарсы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өзінің құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасын тәрбиелеу;

         5) отандық және әлем мәдениетінің жетістіктеріне баулу; қазақ және республикадағы басқа халықтардың тарихын, салт –дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын игеру; мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру;

         6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

         7) білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім басқармасын демократияландыру;

         8) қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

         9) оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, соның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне шұғыл кәсіби бейімделетін кредиттік, қашықтық және ақпараттық-коммуникацияық;

         10) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және еңбек нарығының қажеттілігі бойынша оқыту, білім мен құзіреттілікке негізделген қоғамдағы өзінің жеке әлеуетін қолдануға көмек беретін өмір бойы білім жүйесін дамыту; 

         11) білімді, ғылым мен өндірісті шоғырландыру;

         12) оқитындарды кәсіби ынталандыруды қамтамасыз ету;

         13) жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестіктермен белсенді қарым-қатынас ету арқылы техникалық және кәсіби білімді озат дамытуды қамтамасыз ету;

         14) білімге деген сұраныстары ерекше тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайларды құру;

         15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

         19. Бөлімнің қызметтері:

         1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді, оқытудың кешкі (кезекті) нысанын және интернаттық ұйым типтерімен ұсынылатын жалпы орта білімді ұсынуды қамтамасыз ету;

         2) оқитындардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;

         3) мектепке дейінгі және мектеп жасындагы оқушылардың есебін жүргізу,  олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;

         4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруды қамтамасыз ету;

         5) Құрылтайшыға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мамандандырылыған жалпы білім және арнайы оқу бағдарламаларын және де мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру мекемелерінен басқа бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізеді;

         6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын (қылмыстық-атқару жүйесіндегі түзету мекемелеріндегі білім беру ұйымдарынан басқалары) мемлекеттік білім беру ұйымдарын қолдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

         7) жыл сайын тамыздың 1 дейін оқу жылына арналған білім беру органымен болжанған көлемде мектепке дейінгі даярлық, орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтарды және оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;

         8) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналар төлемінің көлеміне мемлекеттік білім тапсырысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

         9) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базаларын қамтамасыз ету;

         10) балаларға арналған қосымша білімді қамтамасыз ету;

         11) жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп олимпиадаларын және  ғылыми жобалар бойынша байқауды, аудандық (қалалық) масштабтағы байқауларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

         12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға құқылы отбасындағы, және де жартылай жанға шаққандағы кірісі өмірі сұру деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алмайтын отбасыларына, отбасында тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдай нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасындағы балаларға , білім беру ұйымын алқалық басқару органымен анықталатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің  басқа санаттарына жалпы білім беру мектептерін ағымдағы ұстаға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат жолдау;

         13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарынан басқа, орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен оқитындарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

         14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін және жеңілдік тамақтануды ұйымдастыру;

         15) білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

         16) қоғамдық көлікте оқушылардың жеңілдікпен жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізу;

         17) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарына және отбастарына қажетті әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету;

         18) білім мониторингісін жүзеге асыру;

         19) негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын білім жөнінде мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беру және қамтамасыз ету, оларды қолдануға бақылауды жүзеге асыру;

         20) жылсайын белгіленген мерзімде білім саласындағы уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық білім жүйесінде статистикалық бақылау мәліметтерінің жиналуын қамтамасыз ету;

         21) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

         22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті әдістемелік жетекшілікпен қамтамасыз ету;

         23) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқуға рұқсат беру;

         24) білім беру ұйымдарында білімге деген сұраныстары ерекше тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайларды құру болып табылады.

         20. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

         1) өзінің құзыреттілігі шегінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі, Басқарманың, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтары мен басқа нормативтік құжаттарының, негізінде және оларды орындау үшін құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды;

          2) Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңмен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдардан, ведомствоға бағынысты аудандық мекемелерден, меншік түріне тәуелсіз ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелерден әртүрлі ақпаратты, құжаттарды, қорытындылар мен басқа материалдарды сұратады және алады;

          3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанынша дейін оқуларын ұйымдастырады;

          4) ведомствоға бағынысты ұйымдар мен білім беру мекемлерінде құқықтық жұмысты басқарады, өндірістік және еңбек тәртібін нығайтуға қатысады;

          5) бөлімнің құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша ауданның білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізеді;

          6) мемлекеттің атынан, егер заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады;

          7) бөлімнің құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізеді, білім бағдарламаларын құрастыруға қатысады, соның ішінде халықаралық, жақын және алыс шетел елдерінің білім органдары және мекемелерімен байланысты орнатады;

          8) мектепке дейінгі, жалпы орта білім мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есептер ұсынады;

          9) өзінің құзыреттілігі шегінде меншік түріне және ведомстволық бағынысына тәуелсіз жергілікті бағынастағы ұйымдарда мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға оқу-тәрбиелеу үдерісі мазмұнының сәйкестілігіне кезеңді бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

         10) өзінің құзыреттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

         21. Коммуналдық мемлекеттiк мекемеге басшылықты Басқарма  жүзеге асырады.

          Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

         1) бөлімнің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

         2) бөлім мүлігінің сақталығына бақылауды жүзеге асырады;

         3) бөлім басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін анықтайды;

         4) бөлімнің құрылымын және штаттық санын бекітеді;

         5) жылдық қаржылық есепті бекітеді.

         22. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

         1) бөлімге мүлікті бекітеді,

         2) бөлімнің ережесін, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.

         23. Бөлімді басқару бірінші басшымен жүзеге асырылады, ол Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

         24. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен келісу бойынша басқарманың басшысымен лауазымға тағайындалады және босатылады.

         25. Бөлімнің бірінші басшысында орынбасары болмайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

          26. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

         1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

         2) бөлімнің мамандарын, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

         3) ведомствоға бағынысты білім беру ұйымының бас бухгалтерін тағайындауға және босатуға келісім береді;

         4) өз құзыреттілігінің шегінде Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда ұсынады;

         5) өз құзыреттілігінің шегінде Бөлімнің мамандарына орындау үшін бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар береді;

         6) бөлімнің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жазаға тартады.

         Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі оның болмаған кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлігі

 27. Бөлім заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оган меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алганда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

28. Бөлімге бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оган өзгедей тәсілмен билік етууге құқылы емес.

5. Бөлімнің жұмыс тәртібі

30. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

6. Бөлімді қайта құру және тарату

31. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімді қайта құру, біріктіру, қосу, бөлу, шығару және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да нысан түрінде жүргізіледі.

Бөлім Құрылтаймен ерікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және негізде мәжбүрлеп (сот шешімі бойынша) таратылуы мүмкін.

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін таратылған Бөлімнің мүлігі құрылтайшымен қайта бөлінеді.

Таратылған Бөлімнің ақшасы  кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Бөлімнің мүлігін жүзеге асыру нәтижесінде алынған құралдар  сәйкес бюджеттің кірісіне есептеледі.

32. Бөлімнің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Положение Коммунального государственного учреждения «Отдела образования акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области»
Дата публикации
19 апреля 2021