Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 233 қаулысымен бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А.Құнанбаев, 5.
мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Мамлютского района Северо-Казахстанской области».
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) экология және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес елді мекендердің құрылыс салуы, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымы және абаттандырудың кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару.
1) заңнамаларда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (елді мекендерді толық жоспарлау жобасын, елді мекендердің құрылыс салу схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын) iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;
4) адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;
6) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде өз құзыры шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолданумен электрондық мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер көрсету;
9) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының сақталуын қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
11) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
12) қабылданған нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуге жіберу;
13) нормативтік құқықтық актілерді оларды мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауға жіберу;
14) мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;
15) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды;
16) сотқа талап қоюды дайындау және беру;
17) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
18) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халықты хабарлау;
19) құрылыс туралы шешімдер қабылдау, аумақты инженерлiк дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, аудандық маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу;
20) құрылысы біткен объектiлердi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру;
21) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларда, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру, оларды ұстауды бақылау (пайдалануды, қанауды);
22) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және Мамлют ауданының мәслихатымен бекітуіне ұсынуды ұйымдастыру;
23) салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізу;
24) ұсыныстарды таңдау, ұсыну бойынша дайындау, заңнамалық актілермен қарастырылмаған жағдайда, ведомстволық бағынышты аумақта құрылыс немесе басқа да елдімекен құрылысын меңгеру үшін жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждары үшін алып қою;
25) бар ғимараттардың үй-жайларын жаңадан жоспарлау арқылы қайта құру туралы шешім қабылдау;
26) елді мекен шегінде объектіні салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу;
27) жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен хабарлама жіберу арқылы келісу;
28) елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру;
29) құрылыс үшін сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытынды рәсімдеу;
30) бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз ету;
31) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй салу және оны бөлуді ұйымдастыру;
32) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
33) тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізу;
34) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайлармен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;
35) ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
36) ауданның су құбырларын, тазалау құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа көлік пен инженерлік инфрақұрылымының объектілерін салу және пайдалануды ұйымдастыру;
37) ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыс істеуге дайындық бойынша жұмысын үйлестіру, отын дайындау барысына мониторинг жүргізу;
38) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердегі көшелер желiсiн басқару;
39) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердегі көшелердің құрылысы, қайта құру, пайдалану, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
40) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, және маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту;
41) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
42) ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
43) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
44) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінен қаржыланыратын ұйымдар үшін орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру шараларын орындау және өткізу;
45) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
46) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
47) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;
48) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;
49) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолдану;
50) пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ жиналыс шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз ету;
51) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз ету;
52) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;
53) тұрғын үй инспекциясы көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлер тізбесіне қосқан кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етуі шартымен жобалау-сметалық құжаттамасы бар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;
54) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
55) тұрғын үй көмегін көрсету;
56) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу;
57) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
58) бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру;
59) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi заңының 67-бабында аталған азаматтарға кейiннен беру үшiн жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау;
60) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы, тексерулердің графиктері және олардың нәтижелері, анықталған кемшіліктер, сондай-ақ жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің және Бөлімнің интернет-ресурстарында орналастыру;
61) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайға мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың және кезектілігінің электрондық базасын пайдалана отырып, жыл сайын түгендеу жүргізу;
62) ауданның аумағында шығатын мерзімді баспасөз басылымдарында және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің және Бөлімнің интернет-ресурстарында:
1) жыл сайын бірінші тоқсанда – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерін;
2) жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялау;
63) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн беру;
64) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмiн, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмiн Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің және Бөлімнің интернет-ресурстарында жариялау;
65) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын азаматпен (жалға алушымен) жазбаша түрде тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жасау;
66) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілеу;
67) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
68) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
69) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау;
70) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
71) сыртқы (көрнекі) жарнаманың аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтау;
72) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодекстің 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың жылу желілерінің және газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастыру және iстердi қарастыру, сонымен қатар өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдану;
73) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге функцияларды жүзеге асыру.
аудан әкімдігінің қарауына сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басым стратегиялар, міндеттер бойынша ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрау және алу;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік қатынасхаттар жүргізу;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңестік органдарының отырыстарына қатысу;
белгіленген тәртіпте аудан аумағында құрылыс және қайта құру объектілеріне бару;
өз құзыреті шегінде жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру, құрылыс салу және абаттандыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
объектілерді пайдалануға беруді қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындауға құқылы.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік тартады;
аудан әкіміне бөлімнің штат кестесін бекітуге ұсынады;
құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және әкіміне нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды қарауға ұсынады;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін белгілейді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырмалар береді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапкершілік етеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.