«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

  1. Жалпы ережелер

1.«Солтүстк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан аумағындағы атқарушы орган болып табылады.

2.Бөлім қызметінің заты болып мемлекеттік аграрлық саясатты және селолық аумақтарды дамытуды жүзеге асыру саласында мемлекеттік басқару қызметтік іске асыру болып табылады.

3.Бөлім қызметінің негізгі мақсаттары:

 1) жер өңдеуде, мал шаруашылығында, өңдеу өндірісінде, селолық аумақтарды дамытуда бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру

 2)  сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында адамдар мен малдар үшін ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

 3) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру.

4.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңдарымен, орталық және жергілікті мемлекеттік, органдардағы облыстық нормативтік құқықтық актілеріне ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрықтары мен нұсқауларына,  сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

5.Бөлімнің құрылтайшысы болып аудан әкімдігі табылады.

6.Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрлері, мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қазынашылық және екінші деңгейдегі банктерде есепшоттары болады.

7.Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі, заңға сәйкес оған өкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түсуге құқықты.

8.Бөлім өз құзыры мәселелері жөнінде белгіленген тәртіпте бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

9.Бөлімнің штаттық санының лимиті аудан әкімдігімен бекітіледі.

10.Бөлімнің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Солтүстк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы  және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Мамлютского района Северо-Казахстанской области».

11.Заңды мекенжайы:

 Құрылтайшының: 150900 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы С. Мұқанов көшесі 12 үй.

Бөлімнің: 150900 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы А.Құнанбаев көшесі 5 үй.

12.Бөлімнің қызметі болып табылмайтын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шартты қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.

13.Заң актілерімен бөлімге берілген кіріс әкелетін қызметті орындауда, олар аудандық бюджеттің кірісіне бағытталады.

14.Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

 

  1. Бөлім қызметінің заты және құқықтары

 

15.Жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім төмендегі қызмет затын іске асырады:

15.1.Мемлекеттік аграрлық саясатты жер өңдеуде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету функциялары

1) жерлердің құнарлығын көтеру жөнінде бағдарлама әзірлеуді;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Аграрлық саясатын мемлекеттік қаржылық қамтамасыз етуге сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің несие ресурстарын және бюджеттік қаражатты толық игеруге, пайдалуға мониторинг жүргізу;

3) агроқұрылымдарға бизнес – жоспарлар әзірлеуге және бүкіл әлемдік даму банктері, облыстық бюджет қаражаты есебінде несиелеуге көмектесу, несиені қайтаруға, мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізу;

4) аграрлық секторда бәсекелестікті және базар құрылымын дамытуға және қалыптастыруға ауыл шаруашылық өнімді сатуға агросервисті енгізуге көмек көрсету;

5) селолық елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметті белсенді атқару жөніндегі іс - шараларды іске асыру;

6) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

7) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинауды және талдауды іске асыру, қажет сұранысты, жағдайын талдау, ауыл шаруашылық өнімді өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс орнатуға көмектесу;

8) ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметіне мониторинг жүргізу және селолық аумақтарды дамытудың аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру;

9) ауыл шаруашылық өндірісті кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар  кешенің іске асыру;

10) мал шаруашылығын дамыту және облыс халқын азық – түлікпен қамту жөнінде әзірленген Бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;

11) малдың тұқымын және азықтық сапасын жақсартуға бағытталған селекциялық – тұқымдандыру жұмысын ұйымдастыру;

12) сүтті, етті, жүнді, тері өнімдерін сатып алу жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету

13) аудан аумағында адамдар мен малдарға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастырады;

 14) аудан аумағында малдардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық алдын алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады;

 15)  аудан аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады;

 16) малдардың аса қауіпті ауруларын алдын алу бойынша ветеринарлық дәрілерді сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады;

 17) бюджет қаражаты есебінде жануарлардың энзоотикалық ауруларын алдын алу, диагностикалау, жою  тізбесін әзірлейді;

18) ветеринарлық есепті жинақтайды, талдайды ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте оны уәкілетті органға ұсынады;

19) ауылшаруашылық малдардың идентификациялауын және олар бойынша мәліметтердің компьютерлік базасын, сонымен қатар мал сою орындарында малдарды алдын ала және сойғаннан кейін тексеруін жүргізуді ұйымдастырады (ауылшаруашылық жануарларды сою орындарында);

20) ветеринария мәселелері жөнінде халық арасында ағарту жұмысын жүргізуді ұйымдастырады;

21) малдарды өсірумен, дайындаумен (сою), малдардың шикізатын сақтаумен, өңдеумен, сатумен, сонымен қатар ветеринарлық дәрілерді, жемдерді және жем қосындыларын өндірумен, сақтаумен, сатумен айналысатын объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияны ұйымдастырады;

 22) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбе бойынша аса қауіпті ауруларды алдын алу жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;

 23)  қаңғырған иттер мен мысықтарды аулауды, жоюды ұйымдастырады;

 24)  малды көму орындарының (биотермиялық) құрылысын ұйымдастырады және ветеринарлық нормативтерге сәйкес оларды ұстауды қамтамасыз етеді;

 25)  жануарларға ветеринарлық паспорттар береді;

 26) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында қолданыстағы ветеринарлық анықтамаларды береді;

27) елді мекендерде малдарды, иттер мен мысықтарды ұстау, қыдырту ережелерін, малдарды ұстаудың санитарлық зоналарының шекараларын белгілеу бойынша ұсыныстарды бекіту үшін ауданның жергілікті атқарушы органына ұсынады.

                                                        

  1. Бөлімнің мүлкі

 

16.Бөлім аудандық коммуналдық меншікке жататын жедел басқару құқығындағы жекешеленген мүлікке құқықты.

Бөлімнің мүлкі оған құрылтайшымен тапсырылған негізгі құралдардан және айналмалы қаражаттан, сонымен қатар бөлімнің балансында құны көрсетілген өзге мүліктен құралады.

17.Бөлім оған бекітілген мүлікті өз бетімен өзгеше оқшаулауға немесе иемденуге құқықты емес.

Заңмен белгіленген жағдайда, шектерде бөлімге мүлікті иемденуге құқық берілуі мүмкін.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

18.Құрылтайшы ретінде аудан әкімдігінің құзырына төмендегі жатады:

1)бөлімді құру мәселелерін шешу, оның қызметінің затын, мақсаттарын белгілеу;

2)бөлімнің құрылтай құжаттарын, құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту;

  3)бөлімнің штаттық санының лимитін бекіту;

4)бөлімге мүлік бөлу;

5)бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау;

6)бөлімнің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

7)бөлім құзырына заңмен жатқызылған басқа мәселелерді шешу.

19.Бөлімді қолданыстағы заңға сәйкес аудан әкімі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.

Бастық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге және өзіне  жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапкершілік тартады.

20.Осы мақсатта бастық заңға сәйкес:

1) бөлім жұмысшысының міндеттерін белгілейді;

2) бөлімнің жұмысшыларын лауазымдарға тағайындайды, босатады;

3) бөлім жұмысшыларын мадақтау мәселелерін шешеді және тәртіптік жазалар қолданады;

4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды, сонымен қатар бөлім жұмысшыларының орындауына міндетті нұсқаулар шығарады;

5) бөлімді мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда ұсынады;

6) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңның сақталуын қамтамасыз етеді;

7) бөлім қызметкерлерімен сыбайласқан жемқорлыққа қарсы заңның сақталуына дербес жауапкершілік тартады.

8) заңнамаға сәйкес басқа уәкілеттілік жүзеге асырады 

 

  1. Бөлімнің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

21.Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысы негізінде енгізіледі.

 

  1. Бөлімнің филиалдары және өкілдіктері

 

22.Бөлімнің филиалдары және өкілдіктері жоқ.

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру шарттары

 

23.Бөлім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен, басқа заң актілерімен қарастырылған тәртіпте, мүлік иесінің немесе уәкілетті меншік органының шешімі негізінде қайта ұйымдастырылуы мүмкін.

24.Бөлімді қайта ұйымдастыру қосу, біріктіру, бөлу, ажырату және заңмен қарастырылған басқа нысандарда жүргізілуі мүмкін.

25.Қайта ұйымдастырудың қосу нысандарының жағдайларынан басқа, жаңадан пайда болған ұйымның (ұйымдардың) мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап бөлім қайта ұйымдастырылған болып есептеледі.

Бөлімге басқа ұйымды қосу нысанында қайта ұйымдастырғанда, қосылған ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік тізбесінде жазу енгізілген сәтінен бастап біріншісі қайта ұйымдастырылған болып есептеледі.

  1. Жаңадан пайда болған ұйымның (ұйымдардың) мемлекеттік тіркеу және қайта ұйымдастырылған ұйымның (ұйымдардың) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік тізбесінде енгізу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

  1. Бөлімнің қызметін тоқтату

 

27.Бөлімнің қызметін тоқтату қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, ажырату) және жою нысанында жүргізілуі мүмкін.

28.Бөлім мүлік иесінің немесе уәкілетті меншік органының шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

29.Бөлімнің құрылтайшысы немесе бөлімді тарату туралы шешім қабылдаған орган осы туралы заңды тұлғаларды тіркейтін әділет органына жазбаша түрде жедел хабарлау керек.

Бөлімнің құрылтайшысы немесе бөлімді тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес бөлімді тарату тәртібін, мерзімдерін белгілейді.

30.Тарату комиссиясы тағайындалған сәтінен бастап бөлімнің мүлкін және істерін басқару өкілеттіктері ауысады. Тарату комиссиясы таратылатын бөлім атынан сотта сөз сөйлейді.

 

9.Таратылатын бөлімнің мүлкі

 

31.Бөлім таратылғанда несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан қалған мүлік, иесінің немесе уәкілетті меншік органымен бөлінеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Дата публикации
19 марта 2021