Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
maml-akimat@sko.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Исабай Ерлан Асқарұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысы
Общая информация, образование

1989 жылғы 1 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келді

2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Карьера

Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы «QS Azia Sertik» ЖШС бастаған. Өнеркәсіптік өнімді сынау бөлімінде маман, жетекші маман және бас маман қызметтерін атқарған.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Әскери және арнайы қамтамасыз ету басқармасының Геральдика, стандарттау және сапа тобының сарапшысы қызметін атқарған.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде еңбек етіп, Метрология және сәйкестікті бағалау басқармасының және Сапа инфрақұрылымы объектілерін мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

20182021 жылдары мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2021 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасында қызмет атқарған. 2022 жылғы қаңтар айынан бастап Орталық кеден зертханасының менеджмент жүйесі және талдау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы