2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

 

 

 

2025-2027 жылдарға арналған

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы Воскресенов

ауылдық округінің бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-баптарына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 1, 2 және сәйкесінше 3 қосымшаларға сәйкес 2025-2027 жылдарға, соның ішінде 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің бюджеті, келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 111686 мың теңге:

салықтық түсімдер – 11015 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 253 мың теңге;

трансферттер түсімі –99370мың теңге;

2) шығындар 111686 мың теңге;

3) Таза бюджеттік несиелер – 0 мың теңге;

Бюджеттік несиелер – 0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;

Қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

Мемлекеттік активтерді сатудан түскен түсім – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (Артықшылығы) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              0 мың теңге;

Қарыздардың түсуі – 0 мың теңге;

Қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауылдық округтің бюджеттік кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

ауылдық округ аумағында тіркелген, жеке тұлғалардың төлем көздеріне салынбайтын, кірістеріне жеке табыстық салық;

тұрғылықты жері – басқа жеке тұлғаларға;

мүлкі ауылдық округ аумағында орналасқан, жеке тұлғалардың мүлкіне салық;

жер учаскесі ауылдық округ аумағында орналасқан, жеке және заңды тұлғалардың елді мекен жерлеріне жер салығы;

Көлік құралдарына салық;

ауылдық округте тіркелген, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салық;

  1. Ауылдық округтің бюджеттік кірістері салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

Ауылдық округ коммуналдық меншігін жалға беруден түскен кіріс(жергілікті өзін-өзі басқару органдары коммуналдық меншігі);

Ауылдық округ бюджетіне салықтық емес түсімдер;

  1. Ауылдық округтің бюджеттік кірістері негізгі капиталды сатудан қалыптастырылатыны белгіленсін:
  2. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде ағымдағы нысаналы трансферттер 99370 мың теңге сомасында ескерілсін.

6 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы No 37/5 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылсын

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы    

Мамлют ауданық мәслихатының         

          төрағасы                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 мая 2025