«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша
ТАЛДАУ АНЫҚТАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 15а-ө өкімі (бұдан әрі - өкімі) негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда нұсқалған өкімімен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын мерзім: 2024 жылғы 01 маусымнан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі: 26 күнтізбелік күн, 2025 жылғы 03 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін.
Жұмыс тобының құрамы:
|
Айдын Магомед оглы Гасанов |
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімі, топтың басшысы |
|
Салтанат Нуржанқызы Мукашева |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іс жүргізу жөніндегі бас маман |
|
Светлана Николаевна Белоусько |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтер |
|
Еркинай Сабиқызы Жамалова |
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
|
Тамара Васильевна Зиберт |
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі (келісім бойынша) |
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:
2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.
2.1. Персоналды басқару.
2.1.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі, интернет-ресурстарда кадр мәселесі бойынша ақпараттың болмауы.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде, Интернет-ресурстарда кадрлық мәселелер бойынша ақпаратты орналастыруға міндетті:
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурс туралы мәліметтер;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары; бос лауазымдарға орналасу мәселелері бойынша кеңес беруге уәкілетті персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметкерлерінің байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);
Алайда, талдау барысында кадр мәселесіне қатысты мәлімет жоқ екені анықталды.
Ұсыныстар:
1) СҚО Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты интернет сайтында кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты дайындау және жаңарту.
2.1.2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі комиссия құру туралы актінің болмауы.
Аппаратта Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген күнінен бастап келісу комиссиясы құрылмаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 22-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес қызметкер осы Кодексте көзделген тәртіппен келісу комиссиясына, сотқа жеке еңбек дауын қарауға дәйекті түрде жүгінуге құқылы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісім комиссиясын құруға міндетті.
Осылайша, аппарат қызметкерлердің жеке еңбек дауын келісу комиссиясы мен сотқа дәйекті түрде қарау үшін жүгіну құқығына нұқсан келтіреді.
Ұсыныстар:
2) Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен келісу комиссиясын құру туралы өкімнің жобасын әзірлеу және қабылдау.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
2.2.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функциялары жүктелген адамның болмауы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тікелей басшы не ұйымның басшылығы адамдардың өтініштері бойынша басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде тиісті шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.
Алайда, аппаратта мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функциялары жүктелген тұлға жоқ.
Ұсыныстар:
3) мүдделер қақтығысын мониторингілеу және реттеу жөніндегі функцияларды жауапты тұлғаға жүктеу.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы 680-бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз бола алады ҚР ӘҚБтК.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықталған факторын елемеу және жоймау ҚР ҚК 370-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіз болуы мүмкін (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қызметке).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобының басшысына:
1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.
Ауылдық округтің әкімі А. Гасанов
КЕЛІСІЛДІ:
|
Айдын Магомед оглы Гасанов |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімі, топтың басшысы |
|
Салтанат Нуржанқызы Мукашева |
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іс жүргізу жөніндегі бас маман |
|
Светлана Николаевна Белоусько |
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтер |
|
Еркинай Сабиқызы Жамалова |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
|
Тамара Васильевна Зиберт |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі (келісім бойынша) |