«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) өкімі негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 2, ауылдық округі әкімінің жоғарыда көрсетілген өкімімен құрылған жұмыс тобы, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Талдау) жүргізілді.
Талданатын кезең: : 2025 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 9 ақпаннан 27 ақпанға дейін.
Жұмыс тобының құрамы:
|
Ілиясов Талғат Маратұлы |
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімі |
|
Селюк Полина Юрьевна |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ –сі бас маман |
|
Моисеева Юлия Викторовна |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ басшының хатшысы |
|
Бекенов Қанат Жаңабайұлы |
|
«СТАН» ЖШС директоры |
|
Дарбаев Бақыт Ғалеұлы |
|
Ардагерлер кеңесінің төрағасы |
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:
2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
2.1. Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу
Тәуекел бюджеттік және қаржылық қаражаттардың жұмсалуындағы ашықтықтың жеткіліксіздігі.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 9) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптастырылуы мен жұмсалуы туралы қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізу шектелмеуге тиіс. Аталған норма бюджеттік үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге, теріс пайдаланудың алдын алуға және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенім деңгейін арттыруға бағытталған.
Ресми сайтта бюджеттік қаражаттардың қалыптастырылуы мен жұмсалуы туралы ақпараттың болмауы ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама талаптарының сақталмай отырғанын көрсетеді және қаржылық ресурстарды бөлудің ашық еместігіне алғышарттар қалыптастырады.
Бюджеттік қаражаттардың қалыптастырылуы мен жұмсалуы туралы ақпаратқа жария қолжетімділіктің болмауы бюджеттік үдерістердің ашық еместігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама талаптарының сақталмауын білдіреді, бұл өз кезегінде теріс пайдалануларға және қоғам тарапынан сенім деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Ұсынымдар:
1) Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста бюджеттік қаражаттардың қалыптастырылуы мен жұмсалуы туралы өзекті ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету.
ҚОРЫТЫНДЫ:
- Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
- Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырсын.
Ауылдық округі әкімі Т. Ілиясов
КЕЛІСІЛГЕН:
|
Ілиясов Талғат Маратұлы |
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімі |
|
Селюк Полина Юрьевна |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ –сі бас маман |
|
Моисеева Юлия Викторовна |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ басшының хатшысы |
|
Бекенов Қанат Жаңабайұлы |
|
«СТАН» ЖШС директоры |
|
Дарбаев Бақыт Ғалеұлы |
|
Ардагерлер кеңесінің төрағасы |