ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы

Становое ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің  (бұдан әрі –өкім) 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 12 өкімі негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» округ әкімінің жоғарыда көрсетілген өкімімен құрылған жұмыс тобы, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-талдау) жүргізілді.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.

Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 31 қаңтарға 28 ақпанға дейін.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

 

Жұмыс тобының құрамы:

Нұрмұқанова Гүлмира Мейірманқызы

-

Әкімі

топтың басшысы

Селюк Полина Юрьевна

-

Бас маман

Умрихина Ирина Павловна

-

Бас бухгалтер маманы

Бекенов Қанат Жаңабайұлы

-

"СТАН" ЖШС директоры

Дарбаев Бақыт Ғалеұлы

-

Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Воробьева Татьяна Александровна

-

Мамлют ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері, мемлекеттік-құқықтық бөлімі

 

  1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:   

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

 

2.1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

2.1.1. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын комиссияның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Сондай-ақ, талдау барысында аппаратта мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын келісім комиссиясы жоқ екені анықталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес келісу комиссиясы – Тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 8-бабының 6-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.

Келісім комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің өтінішін қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған жағдайда Тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді.

Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгіну құқығына нұқсан келтіріледі.

Ұсыныстар:

1) келісім комиссиясын құру туралы өкім әзірлеу және шығару.

ау

ҚОРЫТЫНДЫ:

- Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

- Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырсын.

 

 

Становое ауылдық

округ әкімі Г. Нұрмұқанова

 

КЕЛІСІЛГЕН:

 

Селюк Полина Юрьевна

 

Умрихина Ирина Павловна

 

Бекенов Қанат Жаңабайұлы (келісім бойынша)

 

Дарбаев Бақыт Ғалеұлы (келісім бойынша)

 

Воробьева Татьяна Александровна

 

 

Дата публикации
04 марта 2025