«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан Облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылдың 24 желтоқсанындағы №51/12 шешімін іске асыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород

ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін

бекіту туралы»  Солтүстік Қазақстан Облысы  Мамлют ауданы

 мәслихатының 2025 жылдың 24 желтоқсанындағы

 №51/12 шешімін іске асыру туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 93 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород  ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Пригород ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

        1) кірістер – 42461 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 6982 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 10 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        арнаулы түсімдері- 0 мың теңге;

        трансферттер түсімі – 35469 мың теңге;

       2) шығындар – 42461 мың теңге;       

       3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

        бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

        қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

        мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;

        қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

        қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

        бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджеттік кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

          1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалардың дербес салық салуға жататын табыстары бойынша жеке табыс салығы:

          жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

          тұрғылықты жері –  қалған жеке тұлғалар үшін;

          2) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

          3) ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;

          4) бірыңғай жер салығы;

          5)көлік құралдарына салынатын салық:

          тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

          өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

          6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

          7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы:                                         ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

          ауылдың ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөленген белдеуінде;

          елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте  және                 

          жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген   

          белдеуінен тыс жерде орналасқаны үшін төлемақы.

  1. Ауылдық округтің бюджеттік кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

          1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін  салатын айыппұлдар;

          2) Жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі салымдары;

          3)ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

           ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

           ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

           ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің);

           ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

          4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1.        Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

           1) ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

           2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

           3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 35469 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2.        Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Ауылдық округ әкімі                                                 М.М.Кожаев

Дата публикации
03 апреля 2026