Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Транснефть-Урал» Акционерлік қоғамына топырақты сақтау үшін, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі Покровка ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,2718 гектар,  жер учаскесіне қауымдық сервитут 3 жыл мерзімге белгіленсін.
  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 марта 2025