Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Транснефть-Урал» Акционерлік қоғамына уақытша автомобиль кешені мен қалашық үшін, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі Покровка ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 1,0188 гектар, жер учаскесіне қауымдық сервитут 3 жыл мерзімге белгіленсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.