ЕСЕП 2025 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ – нде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша.

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке-дара жүзеге асырылатын және тиісті материалдық немесе материалдық емес артықшылықтар ұсынатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудың бір нысаны болып табылады.
       Тізілімдегі мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - 6.

1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

2.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру

3.Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп сату

4.Жер учаскесін алуға кезекке қою

5.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу

6.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

       2025 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» 11 мемлекеттік қызмет көрсетті,  оның ішінде:

  • қызмет жеткізушілері ұсынған (Мемлекеттік корпорация арқылы берілетіндерден басқа) қағаз түрінде - 0;
  •   көрсетілетін қызметті берушілер қағаз түрінде, бірақ электрондық үкіметтің веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылуы мүмкін қағаз түрінде -2 қызмет, оның ішінде:

        2 қызметтер – «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп сату»

  • көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген - 0.
  • «электрондық үкімет» веб-порталы және Е-лицензиялау арқылы электрондық түрде көрсетілген -9 қызмет, оның ішінде:

5 қызмет – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»

        4 қызметтер – «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

  • E.gov (өзін-өзі қызмет көрсету секторы) электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы 674 қызмет көрсетілген;

     «Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы қол жетімділік және халықты ақпараттандыру мақсатында  Көрнекі ақпарат орналастырылған стендтер орналастырылды, атап айтқанда, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы.

Жоғары сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен Мемлекеттік қызмет туралы заң өткізілді.

      "Адал көмек" жобасы аясында facebook парақшасында ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету ережелері тақырыбында тікелей эфир өткізіледі.

       2025 жылы 12 тікелей эфир өткізілді. Сондай-ақ, жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы бойынша брошюралар тұрақты негізде таратылады.

     Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде белгіленген мерзім бұзылған жоқ.
     «Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің сапасына ерекше көңіл бөлінеді, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің бұзылуына жол бермеу және мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сауаттылығын арттыру бойыншашаралар қабылданады.

ЕСЕП 2025 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ – нде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша.
Дата публикации
27 января 2026