«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) өкімі негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 11 ауылдық округі әкімінің жоғарыда көрсетілген өкімімен құрылған жұмыс тобы, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Талдау) жүргізілді.
Талданатын кезең: 2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі: 26 күнтізбелік күн, 2025 жылғы 3 ақпаннан 2025 жылғы 28 ақпанға дейін
Жұмыс тобының құрамы:
|
Бименді Елхан Болатұлы
|
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімі |
|
Бабенко Денис Владимирович |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ –сі бас маман заңгері |
|
Белоусов Андрей Николаевич |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қоғамдық кеңесінің өкілі |
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:
2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
2.1. Персоналды басқару.
2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның (бұдан әрі - ақпаратқа қол жеткізу туралы Заң) 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда ақпаратқа қол жеткізу туралы жалпы ақпаратты орналастыруға міндетті:
ұйымдық құрылымы, басшылары және олардың орынбасарлары туралы мәліметтер;
байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, анықтамалық қызметтердің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың телефон нөмірлері);
құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі, олардың міндеттері мен функциялары, сондай-ақ басшылар мен олардың орынбасарлары туралы мәліметтер.
Алайда, талдау барысында ұйымдық құрылым туралы ақпараттың жоқтығы анықталды.
Ұсыныстар:
1) Бөлімнің қызметі туралы ақпаратты жаңарту.
2.2. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Аурухана парақтары (еңбекке жарамсыздық парақтары) жеке папкаға тігілмеген және жыл басынан бері хронологиялық тәртіппен нөмірленбеген. Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берудің себептері қолданыстағы заңнаманы жеткіліксіз білу болды.
Ұсыныстар:
2)Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын күшейту.
2.3 Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ақпаратты:
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;
мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, әзірленетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелерін;
мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Алайда, талдау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат жаңартылмайтыны анықталды.
Ұсыныстар:
3) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратты жаңарту.
3.1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
3.1.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемеу.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 113-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
Талдау барысында бас маман бухгалтердің міндетін атқарушы жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама жібермейтіні анықталды.
Ұсыныстар:
4) - бас маман бухгалтер ай сайын жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама жолдау қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ:
- Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
- Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырсын.
Новомихайлов ауылдық округі әкімі Е.Бименді
КЕЛІСІЛГЕН:
|
Бименді Елхан Болатұлы |
- |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімі |
|
Бабенко Денис Владимирович |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ –сі бас маман заңгері |
|
Белоусов Андрей Николаевич |
- |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қоғамдық кеңесінің өкілі |