Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына                       сәйкес  ӨКІМ қабылдаймын:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Аппарат) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша:

Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жүргізілсін.

  1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең 2024 жылғы 01 маусымнан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2025 жылғы 3 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін.
  4. Жұмыс тобы 2025 жылғы 3 наурызға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жөніндегі материалдарды берсін.
  5. Қоса берілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
  6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілікті өзіме қалдырамын.

                      

Ауылдық округ әкімі                                   Е.Бименді

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы Новомихайлов

ауылдық округі әкімінің өкіміне

2025 жылғы 30 қаңтардағы № 4                                                                                            

қосымша

                                                                                          

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

жөніндегі жұмыс тобының құрамы

 

Бименді

Елхан Болатұлы

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімі

 

Бабенко

Денис Владимирович

 

-

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ –сі бас маман заңгері

Белоусов

Андрей Николаевич

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қоғамдық кеңесінің өкілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2025