Меню

Страницы

Статья

Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады

Пресс-релиз
Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері
байланысқа шығады


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет)
Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін
болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://www.kommersant.ru/doc/8230736, https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-
russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertvsamim-zvonitim?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2
Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvanasamaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл
толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және
банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы
қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» деген
сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға
мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға
әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни
көзқараспен қарау;
- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне
ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік
кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

Дата публикации
08 января 2026
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 мая 2026
Азаматтарды қабылдау орталығы
Мақалалар
01 апреля 2026
Әлеуметтік төлемдерді алудағы қауіпсіздік: әлеуметтік желілердегі алаяқтардан сақ болайық
Ақпарат
06 февраля 2026
Өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы