WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес
( https://infobezopasnost.ru/.../kiberataka-ghostpairing.../
https://www.securitylab.ru/news/567291.php https://securitymedia.org/.../ataka-ghostpairing... ) кибералаяқтар
«WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда.
Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»- қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы -
«Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
-белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
-«WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
-екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
-аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
-қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Бір қатенің құны - Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.![]()
![]()
![]()