«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ хабарлайды:
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды.
Енді Мамлютка қаласының тұрғындары әкімдік ғимаратынан шықпай-ақ, мемлекеттік қызметтердің кең спектрін электрондық форматта өз бетінше ала алады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы интернетке қосылған компьютермен, сканермен, принтермен және оқыту материалдарымен жабдықталған. Қажет болған жағдайда, аппарат қызметкерлері азаматтарға электрондық үкімет порталы –
egov.kz арқылы қызметтерді алу бойынша кеңес беріп, көмек көрсетеді.

Мекенжайы: Мамлютка қ., А.Құнанбаев көшесі, 10/1

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері, 9:00-ден 18:30-ға дейін,
түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін

Анықтама үшін телефон: 2-11-03