Меню

Страницы

Статья

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация

         Қазақстан Республикасының ұлттық күнтізбесіне сәйкес 11 жасқа толған қыздарға АПВ вакцинасы ата-анасының немесе қамқоршысының келісімін алғаннан кейін, ал 12-13 жас аралығындағы қыздарға да қайталама егу жүргізіледі. Вакцинацияның толық курсы – 6 ай аралықпен екі доза.

         АПВ вакцинасы – бұл әртүрлі органдардың қатерлі ісігінен қорғайтын екінші вакцина, бірінші – вирустық гепатит В.

         Бүгінгі таңда АПВ 6,11,16,18 түрлерінен қорғайтын Гардасил вакцинасы қолданылады. Вакцина өндірушісі АҚШ.

         Вакцинаға мүмкін болатын қарсы көрсетілімдер уақытша және тұрақты болып келеді. Тұрақты қарсы көрсетілімдер – енгізілген заттарға жоғары сезімталдықты және анафилактикалық реакцияны қамтиды.

         Уақытша қарсы көрсетілімдер – жедел инфекциялық немесе созылмалы аурудың орташа және ауыр дәрежедегі өршуі, дене температурасының жоғарылауы және т.б.

         Адам папиллома вирусы дегеніміз не?

         Адам папиллома вирусы – бұл вирустардың 200-ден астам түрлерінің тобы, олардың кейбіреулері жоғарғы онкогенді түрлері болып табылады, кейде әртүрлі органдардың қатерлі ісігіне әкеледі.

         Статистикаға сәйкес, 10 адамның 8-і өмір бойы АПВ жұқтыруы мүмкін. Көп жағдайда инфекция асимптоматикалық болып табылады және 12-14 ай ішінде жойылады, бірақ кейбір жағдайларда жоғары онкогенді қауіпті АПВ түрлерімен жұқтырған кезде инфекция созылмалы болуы ммүкін. Уақыт өте келе АПВ инфекциясы қатерлі ісік алды өзгерістерге әкелуі мүмкін және егер дер кезінде анықталмаса және емделмесе, қатерлі ісікке ұласуы мүмкін.

         Адам папиллома вирусы жұқтырған адамнан жұқтырған терімен, шырышты қабаттармен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей байланыста болады.

         Қандай асқынулар болуы мүмкін?

         АПВ тудыруы мүмкін ең көп таралған ауру – жатыр мойны обыры. Қазақстанда жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің онкологиялық патологиялар арасында 2 орында тұр. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, жылына 600-ден астам әйел осы дерттен көз жұмды.

         Басқа да аурулардың мысалы тік ішектің, қынаптың, бастың және т.б. АПВ тудыруы мүмкін.

         Сонымен қатар, АПВ әртүрлі тері папилломаларына (мысалы, сүйелдер) немесе кондиломаларға әкелуі мүмкін.

         Ата-аналар АПВ вакцинасына қайда баруға болады?

         Қыздарға АПВ вакцинациясын жүргізу үшін ата-аналар баланың оқитын жеріндегі медициналық маманға хабарласып, жазбаша келісімін бере алады, сонымен қатар тіркелген жердегі мекемеге баруға болады. Облыстағы медициналық ұйымдарда екпе жұмыстары жүргізілуде.

Есіңізде болсын! Қыздарыңыздың болашағы сіздің қолыңызда!

Дата публикации
19 ноября 2024
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2026
Азаматтарды қабылдау орталығы
Мақалалар
01 апреля 2026
Әлеуметтік төлемдерді алудағы қауіпсіздік: әлеуметтік желілердегі алаяқтардан сақ болайық
Ақпарат
06 февраля 2026
Өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы