Меню

Страницы

Статья

Халықтың мұз астынан балық аулау кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары

Халықтың мұз астынан балық аулау кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары

Мұз астынан балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Бұл ретте адам үшін мұздың қалыңдығы кемінде 12 см, ал техника үшін кемінде 30-35 см болған кезде мұзға шығуға жол беріледі. Осы кезеңде мұздың жіңішке және қатпаған учаскелеріне шығуға жол берілмейді, әсіресе балаларға аса мұқият болу қажет, өйткені бұл кезең айтарлықтай қауіп төндіреді.

Тыйым салынады:

- жұқа және қатпаған мұздын үстіне шықпаныз;

- топ құрып мұздың бір аумағында жиналмаңыз;

- мұздың жарық жерлеріне жақындамаңыз;

- көлікпен жағадан алыс жерлерге бармаңыз;

- мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаңыз;

- мұзға жеке құтқару құралынсыз (құтқару шеңбері, кеудешелер) шығуға тыйым салынады;

- мұзда шектеулі аймақта екіден астам ойықтарды жасауға болмайды;

- мұздың үстінде от жақпаныз.

Егер сіз суық суға түсіп кетсеңіз не істеу керек:

- Үрейленбеңіз, кенеттен қимылдар жасамаңыз, тыныс алуды тұрақтандырыңыз.

- Қолдарыңызды жан-жаққа жайып мұздың бір бөлшегіне ағын бағытына байланысты көлденең жағдайда денеңізді басып ұстауға тырысыңыз.

- Мұздың шетіне ақырын жатып, аяқтарыңыздың біреуін, содан кейін екіншісін мұзға лақтыруға тырысыңыз.

- Егер мұз шыдаса, баяу жағаға қарай еңбектеңіз.

- Келген жаққа қарай еңбектеңіз, өйткені мұнда мұз берік.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу "112" нөміріне қоңырау шалыңыз!

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Дата публикации
15 октября 2024
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2026
Азаматтарды қабылдау орталығы
Мақалалар
01 апреля 2026
Әлеуметтік төлемдерді алудағы қауіпсіздік: әлеуметтік желілердегі алаяқтардан сақ болайық
Ақпарат
06 февраля 2026
Өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы