Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №51/2
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының
2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»шешіміне
өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №51/2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 215836 мың теңге:
салықтық түсімдер – 119107 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 326 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 890 мың теңге;
трансферттер түсімі – 95513 мың теңге;
2) шығындар – 225296,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 9460,6 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9460,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –9460,6 мың теңге.
«5. 2026 жылға арналған Мамлютка қаласының бюджетіне жоғарғы тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 9000,0 мың теңге сомасында ескерілсін.»;
келесі мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
«5-1.2026 жылдың 1 қантарына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 9460,2 мың теңге сомасында бағытталсын.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi