Талдамалық анықтама
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкімдік) 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) Республикалық маңызы бар қаланың астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жер учаскесіне құқықтар беру;
3) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;
4) Жер учаскесін алуға кезекке қою;
5) Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.
2026 жылғы ақпан айында Әкімдікпен барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Қала шегінде облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық беру – 5 қызмет, оның ішінде 2 қызмет бойынша бас тарту берілді.
1 – жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.
Қаңтар айында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы «Электрондық цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу» мемлекеттік қызметі бойынша 10 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 15 дана брошюра таратылды.
«Адал көмек» жобасы аясында мемлекеттік қызметтер көрсетілуіне жауапты маман ай сайын Әкімдіктің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есептер туралы тікелей эфирлер өткізеді. 2026 жылғы ақпан айында 2025 жылы Әкімдікпен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықтың қолжетімділігі мен ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің аппаратында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған, атап айтқанда: «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, мемлекеттік қызметтер тізбесі, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы.
2026 жылғы ақпан айында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен уақтылылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.
Мамлютка қаласының әкімі А. Оразалинов