Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Төлеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Уфа-Омск» магистральдық мұнай өнімдері құбырын бөлшектеу үшін, 844,7-916,7 км Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының аумағында орналасқан, жалпы алаңы 4,6989 гектар жер учаскесіне екі жыл мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.

Шектеулер, ауыртпалықтар, сервитуттар: «KEGOC» АҚ ЭБЖ, кадастрлық нөмірі: 15-225-061-006, «ҚазТрансОйл» АҚ «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» («ТОН-2» ММҚ) ММҚ қорғау аймағы, «Транснефть-Урал» АҚ «Уфа-Омск», «Уфа-Петропавловск» ММӨҚ қорғау аймағы кесіп өтеді, «Транснефть-Урал» АҚ «Уфа-Омск», «Уфа-Петропавловск» ММӨҚ сервитутты, «Транснефть-Урал» АҚ сервитуттар.

  1. «Төлеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруді ұсынамын.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                        А. Оразалинов

 

Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
15 января 2026