Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 7-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 85-бабы 3-тармағына, 91-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1,           2 және  3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде  2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 206836 мың теңге:

салықтық түсімдер – 119107 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 326 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 890 мың теңге;

трансферттер түсімі – 86513 мың теңге;

2) шығындар – 206836 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған Мамлютка қаласының бюджеттік кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген  аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:

     дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

      қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

      2) аудандық маңызы бар қала аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы;

      3) аудандық маңызы бар қала аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;

      4) мыналардан:

      тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала аумағындағы жеке тұлғалардан;

      өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы;

      5) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      6) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

        аудандық маңызы бар қала үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

      аудандық маңызы бар қала аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;

      елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;

      7) аудандық маңызы бар қала аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы.

  1. Мамлютка қаласының бюджеттік кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

      1) аудандық маңызы бар қала әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

      3) аудандық маңызы бар қала коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

       аудандық маңызы бар қала әкімі аппаратының шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

      аудандық маңызы бар қаланың  коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

      аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

      аудандық маңызы бар қаланың  бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

       аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін өзге де кірістер;

       4)  аудандық маңызы бар қаланың бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.

  1. Мамлютка қаласын бюджетінің кірістері келесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

    1)  аудандық маңызы бар қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

        2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

         3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне жоғарғы тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 86513 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
23 декабря 2025