Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 91-бабының 3- тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 227628 мың теңге:
салықтық түсімдер – 108918 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 120 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 407мың теңге;
трансферттер түсімі – 118183 мың теңге;
2) шығындар – 228784,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 0,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,4 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,4 мың теңге.
1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:
жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
тұрғылықты жері – қалған жеке тұлғалар үшін;
2) аудандық маңызы бар қаланың аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) көлік құралдарына салынатын салық:
тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
5) Бірыңғай жер салығы
6) Жерді пайдаланғаны үшін төлем
1) аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;
2) аудандық маңызы бар қала бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.