Мамлютка қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексiнің 9-1-бабына, 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік  Қазақстан  облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде  2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін

        1) кірістер – 227628 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 108918 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 120 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 407мың теңге;

        трансферттер түсімі – 118183 мың теңге;

        2) шығындар – 227628 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

        бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

        қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

        мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;

        қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

        қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

        бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған ауылдық округтің бюджеттік кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:

        жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

        тұрғылықты жері – қалған жеке тұлғалар үшін;

         2) аудандық маңызы бар қаланың аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

        3) аудандық маңызы бар қаланың жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

        4) көлік құралдарына салынатын салық:

        тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

        өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

        5) Бірыңғай жер салығы

        6) Жерді пайдаланғаны үшін төлем

  1. Аудандық маңызы бар қала бюджеттік кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

       1) аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:       

        аудандық маңызы бар қала әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;      

        аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

        аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінің (жергілікті         өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

          аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

           2)  аудандық маңызы бар қала бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Аудандық маңызы бар қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан аудандық маңызы бар қала бюджеттеріне түсетін түсімдер болып табылады.

  2. 2025 жылға арналған аудандық маңызы бар қала бюджетіне жоғарғы тұрған бюджеттен  берілетін бюджеттік трансферттер 118183 мың теңге сомада ескерілсін.

  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

Бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
04 марта 2025