Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

🔷️Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғанын жариялау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
2025 жылғы 3 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу барысында жұмыс тобының құрамында қатыса алады.
Талдауға қатысу бойынша сұрақтармен 87154121103 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Дата публикации
04 февраля 2025