Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
Мамлютка қаласының
2025-2027 жылдарға арналған
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 9-1-бабына, 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін
1) кірістер – 78804 мың теңге:
салықтық түсімдер – 65192 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2906 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1777 мың теңге;
трансферттер түсімі – 8929 мың теңге;
2) шығындар – 78804 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
-
2024 жылға арналған ауылдық округтің бюджеттік кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:
жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
тұрғылықты жері – қалған жеке тұлғалар үшін;
2) аудандық маңызы бар қаланың аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) көлік құралдарына салынатын салық:
тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
5) Бірыңғай жер салығы
6) Жерді пайдаланғаны үшін төлем
-
Аудандық маңызы бар қала бюджеттік кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
1) аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;
2) аудандық маңызы бар қала бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
-
Аудандық маңызы бар қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан аудандық маңызы бар қала бюджеттеріне түсетін түсімдер болып табылады.
-
2025 жылға арналған аудандық маңызы бар қала бюджетіне жоғарғы тұрған бюджеттен берілетін бюджеттік трансферттер 8929 мың теңге сомада ескерілсін.
-
Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Дата публикации
12 декабря 2024