2025-2027 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы Мамлютка қаласының бюджеті бойынша
түсіндірме жазбахат
2025 жылға Мамлют ауданы Мамлютка қаласының бюджетіне болжамдалған түсімдер көлемі, бар салық базасына сәйкес 65192 мың теңге сомасында бекітілді. Түсімдердің жалпы көлемінің 95,7 пайызын немесе 65192 мың теңге салықтық түсімдер алады, салықтық емес түсімдер 4,3 пайыз құрайды немесе 2906 мың теңге.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережесін және басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып орташа мерзімге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерінен шыға отырып 2025-2027 жылдарға арналған бюджет кірістері есептелді.
Салықтық түсімдердің негізгі көзі болып жеке табыстық салық (56%), мүлік салығы (1,2%), көлік құралдарына салық (31%), жер салығы (5,6%) табылады, коммуналдық мүлікті жалға беру (0,1%), тәгі түсімдер (6,1%) .
2026 жылға бюджеттің болжамдалған түсімдер көлемі 70482 мың теңге сомада, 2027 жылға 70482 мың теңге сомада бекітілді.
Төлем көздеріне салынбайтын,
кірістерден жеке табыстық салық
2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін Болжау негізінде осы салық түрі бойынша есеп, 2023 жылға нақты атқарылу, 2024 жылға түсімдерді бағалау жүргізілді. 2025 жылға болжам 38497 мың теңге көлемінде есептелді.
2026 жылға болжам 39844 мың теңге, 2027 жылы 39844 мың теңге көлемінде есептелді.
Мүлік салығы
2025 жылға мүлік салығының болжамы 838 мың теңге көлемінде есептелді. Негізгі қорларды жыл сайын қайта бағалануын ескере, Қазақстан Республикасы Салық кодексімен бекітілген ставка бойынша, 2024 жылға ағымдағы төлемдерді ескере, жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық мәліметтері бойынша мүлік құнынан шыға отырып жеке тұлғалардан мүлік салығы есептелді.
2026 жылы - 867 мың теңге, 2027 жылы – 867 мың теңге.
Жер салығы
2025 жылға жер салығын болжамды есептеу 3867 мың теңге көлемінде салық салу кезінде бонитет және жеңілдік балдарына тікелей топырақтың сапасы және түрлері бойынша сараланатын, санаттар, базалық салықтық ставкалар кесіндісінде жерлердің нақты болуын ескере, 2024 жылға ағымдағы түсімдер және 2022-2023 жылдарға арналған түсімдер қарқынына сәйкес жүргізілді.
2026 жылы – 4002 мың теңге, 2027 жылы – 4002 мың теңге.
Көлік құралдарына салық
2025 жылға көлік құралдарына салықты болжамды есептеу 20982 мың теңге көлемінде. Осы салық түрі жол полициясы Басқармасымен ұсынылған әне түзету коэффициентін қолдану арқылы қозғалтқыш, жүк көтеру, отырғызу орындары көлемі бойынша түрлер, топтар кесіндісінде көлік құралдары санын ескере есептелді.
Бұнын жанында көлік құралдарының жалпы санынан салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктер ұсынылған, заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары алып тасталады.
2026 жылы – 21717 мың теңге, 2027 жылы – 21717 мың теңге.
Трансферттер түсімдері
2025 жылы 8929 мың теңге сомасында трансферттер түсімдері жоспарланды, соның ішінде: субвенция – 0 мың теңге.
2026 жылы – 0 мың теңге, 2027 жылы – 0 мың теңге субвенция түсті.
Адам саны екі мыңнан астам халық санымен аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджеттен тапсырылатын субвенциялар.
ШЫҒЫНДАР
Шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы ағымдағы шығындар бойынша жергілікті бюджет шығындарының базасынан шыға отырып туындатылды.
Бюджеттік сала қызметшілеріне еңбекақыны төлеуге шығындар көлемі 2024 жылдың деңгейінде бекітілді және толық көлемде қаралды.
2025 жылға әлеуметтік салық 6 пайыз көлемінде есептелді, әлеуметтік сақтандыруға шығындар – 5 пайыз, зейнетақы қорына 10 пайыз аударымдарсыз, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 2,5 пайыз, МӘМС бойынша шығындар 3 пайыз көлемінде.
2025 жылға аудандық бюджеттік бағдарламаларды жалпы қаржыландыру көлемі 78804 мың теңгені құрады, соның ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 78804 мың теңге, даму бюджеттік бағдарламасы бойынша 0 мың теңге.
2026 жылға – 80712 мың теңге, 2027 жылға - 80712 мың теңге.
Аудандық маңыздағы қала бюджетінің басқару органдарын ұстауға 2025 жылы – 0 мың теңге көлемінде қаражаттандыру қаралды.
2026 жылы – 0 мың теңге, 2027 жылы – 0 мың теңге.
2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 235 енгізілген өзгерістерді ескере «Жергілікті атқарушы органдардың штат саны шегін бекіту кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қарашадағы № 281 және «Қызметтік автомобильдер саны» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 72, қаулыларына сәйкес бекітілген, аудандық атқарушы органдардың штат саны әрекет етуші шегіне Әдістемеге сәйкес мемлекеттік органдарды ұстауға шығындар есептелді.
«Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, барлық органдардың қызметшілеріне еңбекақы төлеу бірыңғай жүйесі туралы» 2017 жылғы 16 қазандағы № 656дсп Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, сәйкес еңбекақыны төлеуге шығындарды есептеу, "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес .
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
2025 жылға шығындар 11972 мың теңге сомада қаралды, мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 124.008 – 11 617 мың теңге;
«Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» 124.010 – 355 мың теңге;
2026 жылға – 12 332 мың теңге; 2027 жылға – 12332 мың теңге;
Көлік және коммуникация
2025 жылға шығындар 8 132 мың теңге, соның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралды:
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» 124.013 - 8132 мың теңге;
2026 жылға –8 376 мың теңге; 2027 жылға – 8376 мың теңге.
Мамлютка қаласының әкімі А.Оразалинов