БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
1243265 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы және коды)
2024-2026 жылдарға
Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды-01.124.001.000 «Аудан әкімінің қаладағы қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер, аудандық мағыналы қала, село поселокті, селолық округі».
Бюджеттік бағдарламаның басшысы – А.Оразалинов - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі - 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы, қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашасындағы №416-ҚРЗ «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-v Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бюджет есебінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасымен (бюджеті) ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» жарлығы, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінде ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің, азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы » қаулысы, Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
аудандық (қалалық)
(мемлекеттік басқарудың деңгейіне байланысты)
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға, өкілеттіліктер және одан туындайтын мемлекеттік қызмет көрсету
(мазмұнына байланысты)
Жеке бюджеттік бағдарлама
(іске асыру тәсіліне байланысты)
ағымдағы бюджеттік бағдарлама
(ағымдағы/даму)
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білімді, басқару мақсатына жетуде; құқық қорғау, азаматтардың заңдық құқығын қорғау және ұйымдастыру, шиеленістерді, тартыстарды шешу, азаматтардың діни және басқа да қажеттілігін қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік саясатты іске асыру, спортты және денсаулық сақтауды жетілдіру, және де басқа да мақсаттарды қоғамдық жетілдіру бағытында қамтамасыз ету мақсатына жету.
Бюджеттік бағдарламаның түпкі нәтіжесі: Жоспарларды әзірлеу, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар жасау және орындалуын қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен басқаруды жүргізу. Келер қаржы жылына шығыс және кіріс жоспарына негізделген экономикалық негізде бюджеттік жоба құру.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негізі): Басқару аппаратын күту. Еңбек ақысын төлеуге, өтем ақыларды төлеу, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті сақтандыру төлемдері, өзге де қорларды сатып алу,коммуналдық қызметтер, байланыс қызметіне төлемдер, ел ішіндегі іс сапарлар, өзге ағымдағы шығындарға бағытталған шығындар.