«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«СҚО Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ Мемлекеттік қызметтің 5 түрі ұсынылады:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) республикалық маңызы бар қаланың астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жер учаскесіне құқықтар беру;
3) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;
4) жер учаскесін алуға кезекке қою;
5) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.
Маусым айында Мамлютка қаласы әкімінің аппаратымен «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы барлығы 6 қызмет көрсетілді оның ішінде 6-ы республикалық маңызы бар қала астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық беру бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында қала әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стендтер, атап айтқанда «мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенті, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылған
2024 жылдың маусым айында мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Бұдан әрі тиімділік мақсатында: осы мәселе бойынша мемлекеттік органның жұмысының жай-күйіне ай сайынғы талдаулар жалғастырылатын болады.
Мамлютка қаласы әкімінің м.а. А. Биктимиров