2024-2026 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы Мамлютка қаласының бюджеті бойынша
түсіндірме жазба
2024 жылға Мамлют ауданы Мамлютка қаласының бюджетіне болжамдалған түсімдер көлемі, бар салық базасына сәйкес 65253 мың теңге сомасында бекітілді. Түсімдердің жалпы көлемінің 95,7 пайызын немесе 62471 мың теңге салықтық түсімдер алады, салықтық емес түсімдер 4,3 пайыз құрайды немесе 2782 мың теңге.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережесін және басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып орташа мерзімге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерінен шыға отырып 2024-2026 жылдарға арналған бюджет кірістері есептелді.
Салықтық түсімдердің негізгі көзі болып жеке табыстық салық (56%), мүлік салығы (1,2%), көлік құралдарына салық (31%), жер салығы (5,6%) табылады, коммуналдық мүлікті жалға беру (0,1%), тәгі түсімдер (6,1%) .
2025 жылға бюджеттің болжамдалған түсімдер көлемі 69875 мың теңге сомада, 2026 жылға 72321 мың теңге сомада бекітілді.
Төлем көздеріне салынбайтын,
кірістерден жеке табыстық салық
2020-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін Болжау негізінде осы салық түрі бойынша есеп, 2022 жылға нақты атқарылу, 2023 жылға түсімдерді бағалау жүргізілді. 2024 жылға болжам 36839 мың теңге көлемінде есептелді.
2025 жылға болжам 38785 мың теңге, 2026 жылы 40142 мың теңге көлемінде есептелді.
Мүлік салығы
2024 жылға мүлік салығының болжамы 801 мың теңге көлемінде есептелді. Негізгі қорларды жыл сайын қайта бағалануын ескере, Қазақстан Республикасы Салық кодексімен бекітілген ставка бойынша, 2023 жылға ағымдағы төлемдерді ескере, жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық мәліметтері бойынша мүлік құнынан шыға отырып жеке тұлғалардан мүлік салығы есептелді.
2025 жылы - 802 мың теңге, 2026 жылы – 830 мың теңге.
Жер салығы
2024 жылға жер салығын болжамды есептеу 3700 мың теңге көлемінде салық салу кезінде бонитет және жеңілдік балдарына тікелей топырақтың сапасы және түрлері бойынша сараланатын, санаттар, базалық салықтық ставкалар кесіндісінде жерлердің нақты болуын ескере, 2023 жылға ағымдағы түсімдер және 2021-2022 жылдарға арналған түсімдер қарқынына сәйкес жүргізілді.
2025 жылы – 4012 мың теңге, 2026 жылы – 4152 мың теңге.
Көлік құралдарына салық
2024 жылға көлік құралдарына салықты болжамды есептеу 20079 мың теңге көлемінде. Осы салық түрі жол полициясы Басқармасымен ұсынылған әне түзету коэффициентін қолдану арқылы қозғалтқыш, жүк көтеру, отырғызу орындары көлемі бойынша түрлер, топтар кесіндісінде көлік құралдары санын ескере есептелді.
Бұнын жанында көлік құралдарының жалпы санынан салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктер ұсынылған, заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары алып тасталады.
2025 жылы – 18054 мың теңге, 2026 жылы – 18687 мың теңге.
Трансферттер түсімдері
2024 жылы 114743 мың теңге сомасында трансферттер түсімдері жоспарланды, соның ішінде: субвенция – 0 мың теңге.
2025 жылы – 0 мың теңге, 2026 жылы – 0 мың теңге субвенция түсті.
Адам саны екі мыңнан астам халық санымен аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджеттен тапсырылатын субвенциялар.
ШЫҒЫНДАР
Шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы ағымдағы шығындар бойынша жергілікті бюджет шығындарының базасынан шыға отырып туындатылды.
Бюджеттік сала қызметшілеріне еңбекақыны төлеуге шығындар көлемі 2023 жылдың деңгейінде бекітілді және толық көлемде қаралды.
2024 жылға әлеуметтік салық 6 пайыз көлемінде есептелді, әлеуметтік сақтандыруға шығындар – 3,5 пайыз, зейнетақы қорына 10 пайыз аударымдарсыз, МӘМС бойынша шығындар 3 пайыз көлемінде.
2024 жылға аудандық бюджеттік бағдарламаларды жалпы қаржыландыру көлемі 179996 мың теңгені құрады, соның ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 179996 мың теңге, даму бюджеттік бағдарламасы бойынша 0 мың теңге.
2025 жылға – 78804 мың теңге, 2026 жылға - 80712 мың теңге.
Аудандық маңыздағы қала бюджетінің басқару органдарын ұстауға 2024 жылы – 1000 мың теңге көлемінде қаражаттандыру қаралды.
2025 жылы – 0 мың теңге, 2026 жылы – 0 мың теңге.
2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 235 енгізілген өзгерістерді ескере «Жергілікті атқарушы органдардың штат саны шегін бекіту кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қарашадағы № 281 және «Қызметтік автомобильдер саны» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 72, қаулыларына сәйкес бекітілген, аудандық атқарушы органдардың штат саны әрекет етуші шегіне Әдістемеге сәйкес мемлекеттік органдарды ұстауға шығындар есептелді.
«Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, барлық органдардың қызметшілеріне еңбекақы төлеу бірыңғай жүйесі туралы» 2017 жылғы 16 қазандағы № 656дсп Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, сәйкес еңбекақыны төлеуге шығындарды есептеу, "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
2024 жылға шығындар 10150 мың теңге сомада қаралды, мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 124.008 – 10 000 мың теңге;
«Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» 124.010 – 150 мың теңге;
«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» 124.011 – 0 мың теңге;
2025 жылға – 11972 мың теңге; 2026 жылға – 12332 мың теңге;
Көлік және коммуникация
2024 жылға шығындар 118251мың теңге, соның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралды:
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» 124.013 -7000 мың теңге;
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» 124.045 -111251 мың теңге;
2025 жылға –8132 мың теңге; 2026 жылға – 8376 мың теңге.