Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №51/2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028жылдарға арналған бюджетінбекіту туралы»шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы

мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №51/2    «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының

 2026-2028жылдарға арналған бюджетінбекіту туралы»шешіміне

өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №51/2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.Солтүстік  Қазақстан  облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026-2028жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1,       2 және  3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 220436 мың теңге:

салықтық түсімдер – 119107 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 326 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 890 мың теңге;

трансферттер түсімі – 100113 мың теңге;

2) шығындар – 229896,6мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 9460,6 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)– 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – 9460,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –9460,6 мың теңге.

«5. 2026 жылға арналған Мамлютка қаласының бюджетіне жоғарғы тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 13600,0  мың теңге сомасында ескерілсін.»;

келесі мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:

«5-1.2026 жылдың 1 қантарына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 9460,6 мың теңге сомасында бағытталсын.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi

 

Дата публикации
28 сентября 2026