Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

ЖОБА

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Сергей Владимирович Жуковтың 2026 жылғы 24 тамыздағы өтініш негізінде, 2024 жылғы 20 тамыздағы №1351 мұрагерлік құқығы туралы куәлік негізінде қолданыста, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1094 гектар, оның ішінде 0,0492 гектар – №1 учаскесі, 0,0379 гектар – №2 учаскесі, 0,0223 гектар – №3 учаскесі, Владимир Иванович Жуковқа ситуациялық схемаға және жердің экспликациясына сәйкес, алаңнан тыс кабельдік желілер үшін 10 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

  Қала әкімі                                                                      А. Оразалинов

 

Дата публикации
24 августа 2026