
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«СҚО Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ Мемлекеттік қызметтің 5 түрі ұсынылады:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) Республикалық маңызы бар қаланың астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жер учаскесіне құқықтар беру;
3) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;
4) Жер учаскесін алуға кезекке қою;
5) Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.