Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы Леденев
ауылдық округінің 2025-2027
жылдарға арналған бюджетін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 91-бабына 3-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 50735 мың теңге:
салықтық түсімдер – 5639 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 23 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 45073 мың теңге;
2) шығындар – 50735 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:
жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
тұрғылықты жері – қалған жеке тұлғалар үшін;
2) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) бірыңғай жер салығы;
5) көлік құралдарына салынатын салық:
тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
ауылдың, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.
1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;
4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
1) ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
төрағасы Ж.Кәрімова