Өкім "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы"

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізудің

кейбір мәселелері туралы

 

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының                2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1. . «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша:

Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жүргізілсін.

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең 2024 жылғы 01 маусымнан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2025 жылғы 3 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін.
  4. Жұмыс тобы 2025 жылғы 3 наурызға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жөніндегі материалдарды берсін.
  5. Қоса берілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
  6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілікті өзіме қалдырамын.

 

Әкім

       

      А. Исманов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы

Леденев ауылдық

округі әкімінің 2025 жылғы

 03 ақпан № 18-ө өкіміне  қосымша 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

жөніндегі жұмыс тобының құрамы

 

Исманов Абзал Жәмкенұлы

 

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев  ауылдық округі әкімі, топтың басшысы

 

НұрғожинаАлмагүл Қаиырбайқызы

 

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іс жүргізу жөніндегі бас маман

Ильина Наталья Петровна

 

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  шаруашылық инспекторы

Маженова Куляш Юссупекқызы

 

-

 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің жергілікті  қоғамдастықтын төрағасы (келісім бойынша)

 

Лапшина Наталья Ивановна

 

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі (келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 февраля 2025