«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша

ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы»  2025 жылғы 03 ақпандағы № 17 өкімі (бұдан әрі - өкімі)  негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда нұсқалған бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 1 маусымнан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.

Талдау жүргізу мерзімі: 25 күнтізбелік күн, 2025 жылғы 3 ақпаннан 28 ақпанға дейін.

Жұмыс тобының құрамы:

Копендаков Александр Николаевич

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округінің әкімі

Саитов Кайрат Кенжебаевич

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

Дисинбинова Шарбан Кабдушовна

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

Щербинина Тамара Ивановна

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтері

Пантелеева Марина Владимировна

-

Жергілікті қоғамдастық мүшесі

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер.
  3. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:  

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

2.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  1. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығы;
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы.

 

е2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

 

2.1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

2.1.1. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын комиссияның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Сондай-ақ, талдау барысында аппаратта мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын келісім комиссиясы жоқ екені анықталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес келісу комиссиясы – Тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 8-бабының 6-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.

Келісім комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің өтінішін қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған жағдайда Тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді.

Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгіну құқығына нұқсан келтіріледі.

Ұсыныстар:

1) келісім комиссиясын құру туралы өкім әзірлеу және қабылдау.

лі

раттың толық болмау

ҚОРЫТЫНДЫ:

- Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

- Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырсын.

 

Ауылдық округтің әкімі                                                                      А. Копендаков

 

КЕЛІСІЛДІ:

Копендаков Александр Николаевич

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округінің әкімі

Саитов Кайрат Кенжебаевич

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

Дисинбинова Шарбан Кабдушовна

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

Щербинина Тамара Ивановна

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтері

Пантелеева Марина Владимировна

-

Жергілікті қоғамдастық мүшесі

 

Дата публикации
04 марта 2025