Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Краснознамен ауылдық округі, Краснознаменное ауылы мекенжайында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін жүргізу және оларға қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0694 га жер учаскесі 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.