2023 жылғы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыс туралы есебі

          «Мемлекеттiк қызметкөрсету туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметкөрсету — материалдық және материалдық емес игiлiгiне сәйкес беру және заңды мүдделерiн, еркiндiк, құқықтарын iске асыруға бағытталған және қызметалушы сұрауы бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын жеке мемлекеттiк қызметiн iске асыратын формасының бiрi.

           «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеті  мемлекеттiк  қызмет көрсетеді:

  1. Елдi мекен шетiнде объектiнi салу үшiн жер учаскесiн беру. Ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi.
  2. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру, ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi.
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі  жер  учаскелеріне  құқықтарды  алу. Ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi.
  4. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату. Ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою. Ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi
  6. Мектепке дейiнгi балаларға арналған ұйымға мектеп жасына дейiнгi (7 жасқадейiн) балаларды кезекке тұрғызу. Ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi
  7. Әлеуметтiк мекенжайлық көмек алатындарды (отбасылар) растайтын өтiнiш бергендерге справка беру. Ол электрондық және қағаз түрiнде берiледi

2023  жылы  14  мемлекеттiк  қызмет көрсетiлдi:

  • Мемлекеттiк меншiктегi жер құқықтарын сатып алу сатылым талап етпейдi (конкурстар, аукциондар), қағазтүрiндеберiледi  - 12.
  • Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру - 1.
  • Елдi мекен шетiнде объектiнi салу үшiн жер учаскесiн беру – 1.

         Мемлекеттiк қызмет көрсетуде қиындықтар жоқ. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 2023 жылы шағым жоқ. Барлық қызметтер уақытылы көрсетiлдi.

         Әкiмшiлiк ғимаратында көрiнетiн жерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша стендi орналастырылған, онда мемлекеттiк қызмет стандарттары, өтiнiш үлгiлерi, мемлекеттiк қызмет көрсету карточкаларының үлгiлерi, оған қоса мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпарат халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негiзде көрсетiлген мекен-жайлары және телефондары орналасқан. Барлық мемлекеттiк қызмет түрлерi бойынша мемлекеттiк қызметтi тiркеу журналы, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдарды тiркеу журналы бар. Мамандар кабинетiнде «Өзiн-өзiне қызмет көрсету секторы» атты бұрыш құжатталған. Жеке үстелде ноутбук, үшеуi бiреуiндегi принтер, тұрғындарды ңұсыныс, шағым, пiкiрлерi үшiн жәшiк қойылған, электронды мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тiркеу журналы бар. Стендiде «Өзiн-өзiне қызмет көрсету секторы» туралы жазылған.

          2023 жылы сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету мақсатында  - 1 құқықтық оқу жүргiзiлдi, электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша семинар-кеңес өткізілді, жыл бойы электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша брошюраларды тарату кезінде халықпен түсіндіру сұхбаттары жүргізілді.

           Уақытылы және сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары тұрақты бақылауда, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн бұзуды болдырмау бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

 

Дата публикации
30 апреля 2024