Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/8 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Краснознамен ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Краснознамен ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/8 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Краснознамен ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 73850 мың теңге,

салық түсімдері -15062 мың теңге;

салықтық емес түсімдер -0 мың теңге; 

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 58788 мың теңге;

2) шығындар - 77668,2 мың теңге;

3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге,

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге,

бюджеттік кредиттерді өтеу -0 мың теңге;

4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге,

қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсім – 0 мың      

теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3818,2 мың теңге;

6)бюджеттің мұнай емес тапшылығы(профициті)-0

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3818,2 мың теңге;

Қарыздар түсімі -0 мың теңге,

қарыздарды өтеу-0 мың теңге,

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-3818,2 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 3818,2 мың теңге сомасында бағытталсын.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         Көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
06 мая 2026