Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы Бике  

ауылдық округінің 2025-2027

жылдарға арналған бюджетін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қазақстан», Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1,  2 және  3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде  2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

        1) кірістер – 188 251,0 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 6 840,0 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 1,0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1149,0 мың теңге;

        трансферттер түсімі – 180 261,0 мың теңге;

        бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0

        2) шығындар – 188 251,0 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

        бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

        қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

        мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;

        қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

        қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

        бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауылдық округтің бюджеттік кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген  ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:

        жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

        тұрғылықты жері – қалған жеке тұлғалар үшін;

         2) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

        3) ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

        4) көлік құралдарына салынатын салық:

        тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

        өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

ауылдың, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;

елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.

  1. Ауылдық округтің бюджеттік кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

        1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

         2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

         3) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті         өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

        ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

        ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті           өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

        ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті          өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

         ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті            өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

         4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.

  1. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 168 603,0 мың теңге ескерілсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Бике ауылдық округінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 37/10 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

   Мамлют ауданы мәслихатының

                       төрағасы
 

Ж. Кәрімова

 

 

 

 

 

                                                       

 

Дата публикации
12 мая 2025