Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес және «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № KZ62VBG01466921 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу мен пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Бике ауылында аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,8015 гектар, оның ішінде басқалар 0,8015 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге белгіленсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.