Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрі көрсетіледі:
2025 жылы «СҚО Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен – 3 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу).
* қызмет берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен – 0;
* қызмет берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін - 0;
*қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген - 0.
* «электрондық үкімет», «электрондық лицензиялау» веб-портал арқылы - 3
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында «СҚО Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көрнекі ақпаратпен стенд орналастырылды, атап айтқанда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, мемлекеттік қызметтер тізбесі, өтініш үлгілері, шағымдар және ұсыныстар журналы.
Халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулықтары бар брошюраларды тоқсан сайын негізде тарату жүзеге асырылады.
2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 89 адам анықтама алды.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын және мерзімін өз уақытында бұдан әрі арттыру мәселесі тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.